«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кәсібін несиелендіруге дайын

2016 жылғы 11 Шілде
- Алматы қаласы
10306 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі мен Қазақстан Шинхан Банкі серіктес туралы келісімге келді

Еуропа даму және қайта құру банкі Қазақстан Шинхан банкіне елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті несиелік қолдау үшін 20 млн доллар бөлуге әзір. Оның 5 миллионын теңгемен әйелдер кәсібін несиелендіруге бөлмек. Бұның үстіне іскер әйелдерге ноу-хау, бизнесті дамыту, іскерлік қауымдастық бағыттарында қаржылық емес қызмет көрсетіледі.

«Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін алғашқы қазақстандық-кореялық серіктестік форумында Қазақстан Шинхан Банкінің басшылығымен келісімге келген болатынбыз. Серіктестіктің басты мақсаты – әйелдер кәсібін дамытуға жұмсалатын қаржы ұсыну мен кеңес беруге саяды. Несие 15%-бен берілетін болады. Ал коммерциялық банктер бизнеске бөлетін несиеге 21-28% аралығында үстеме төлетеді», – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Ералиева. 

Қазақстан-Корея форумының аясында екіжақты серіктестіктің ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келе жатқаны сөз болды. 2015 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар алмасу 1,5 млрд долларды құраған. Оңтүстіккореялық бизнесмендер өз қаржысын біздің елдің экономикасын дамытуға салатын негізгі он инвестордың қатарына кіреді. Және ең бір маңызды салаларға – көлік жасау, электроника, фармацевтикаға қаржы құйып отыр. Жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард доллардан асады. Екі елдің кәсіпкерлері ұзақ мерзімді серіктестікке бастайтын жоспарлар құруда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер