«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2015 жылы қазақстандықтардың қанша пайызы кедейшілікке ұшырады?

2016 жылғы 04 Шілде
14791 просмотров

Кедейшілік пен қайыршылық әлемдегі кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді

Кедейшілікті сандық бағалаудың әртүрлі амалдары бар. Қазақстандықтар үшін кедейшілік деңгейі тұтынушының ақша жұмсай алу қабілетімен өлшенеді. ҚР Статистика комитетінің тәсілі бойынша, кедей адамға жалпы тұрғындардың орташа есеппен алғандағы тұрмысы күнкөріс минимумынан төмен отбасыларды кіргізеді. Кедейшілік шегі тіркелген деңгейден 40% төмендегенде басталады, яғни 9144 теңгеден аз табыс табатындар кедей.

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда кедейшілік деңгейі баяу болса да кеміп келеді. 2010 жылы тіркелген 7% кедейлік 2015 жылы 3%-ға азайған. Бұл 2015 жылы тұрғындардың табысының төмендеуін, жалпы елдегі экономикалық ахуалды есепке ала отырып жасалған жорамал.

Халықаралық деңгейдегі кедейлікті нақтылау барысында Дүниежүзілік банк ұстанымы көш бастап келеді. Ол табыстың бірнеше критерилеріне сүйеніп есептеледі. 1981 жылдан бері 2004 жылға дейін күніне 1 доллар табатын адам кедей саналатын. Бүгінгі таңда кедейшілік шегі өтпелі экономикасы бар елдерде тәулігіне 4 доллар, қайыршылық деңгейі күніне 2 доллар табыспен өлшеніп отыр.

Дүниежүзілік банк критерилерін алып қарастыратын болсақ, біздің елдегі кедейшілік шегі 2014 жылдың нәтижесі бойынша 16,1% құраған екен. 2015 жылғы девальвация кедейлік шегі өсіп кеткенін көрсетті. 2012 жылғы деңгейге сай келді. Тұтынушылық баға мен қызмет көрсетудің ақысы өскенін есептесек, ҚР олар теңгенің долларға қатынасына тәуелді екенін білеміз, ендеше ай сайын инфляция деңгейі мақұлданады, онда валюта бағамын елдегі кедейшілік шекті анықтаушы деп тануға әбден болады.

Егер 2015 жыл мен 2014 жыл нәтижелерін салыстырар болсақ, кедей деп атауға болатын адамдар саны 11,2%-ға өскен, ал қайыршылық үлесі 3,5%-ға артқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер