«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастарға өнеге

2016 жылғы 30 Маусым
- Алматы қаласы
6488 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасында өздерінде тәжірибеде ысылған студенттерді алғыс хаттармен марапаттады

ҚМЭБИ университеті «Бизнес және экономика» факультетінің студенттері бір ай бойы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды қолдау бөлімінде кәсіпкерлермен жұмыс жасау негіздеріне үйренді.

Өндірістік тәжірибе кезінде болашақ мамандар экономист міндеттерін барынша үйренуге тырысқан. Олардың міндеттеріне деректер қорын өзектендіру және қаладағы орта кәсіпорындардың проблемалық мәселелер тізімімен жұмыс жасау, жергілікті атқарушы органдар мен ведомствоішілік ұйымдар сатып алуларындағы қазақстандық құрамды бақылау, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, құқық қорғау органдарының, сонымен бірге Алматы қаласы әкімі орынбасарының қатысуымен өтетін жергілікті құрамды бақылау жөніндегі Комиссия отырысына шақыру кірген.

«Тәжірибеден өтушілер өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Олар жұмысқа қабілетті, зейінді және жауапкершілігі мол студенттер. Сонымен қатар командамен жұмыс жасауға қабілетті, адамдармен тез тіл табысқыш, күрделі міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешуге қауқары бар, ал бұл біздің жұмыс үшін маңызды. Жалпы болашағы бар жастар», – деді жобаларды қолдау жөніндегі бөлім басшысы Нариман Әбілшайықов.

Оқу аяқталған соң болашақ мамандар алғыс хаттармен марапатталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер