«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Колледждің кешегі түлегі – бүгінгі бизнесмен

2016 жылғы 22 Маусым
- Алматы қаласы
7556 просмотров

Палата колледждердің жанынан құрған салалық кластерлерде «Табыс тарихы» атты кәсіпкерлердің студенттермен кездесулер циклы басталды

Алматылық Туризм және қонақжайлық индустриясы колледжінде «Жұмысшы ауысымы» тақырыбымен кәсіпкерлердің студенттермен кездесулер циклы басталды. Құрметті қонақтар негізінен осы колледждің бұрынғы түлектері екенін айта кеткен жөн.

Танымал бас аспаз Дмитрий Завадский – бүгінде жеке кәсіпкер (Red fox ЖК), аса талғампаз клиенттер үшін жеке тапсырыстармен жұмыс істейді. Сонда да ол өзінің тығыз жұмыс кестесінен сүйікті колледжі үшін уақыт табады: жиі- жиі ұстаздарына келіп тұрады, студентттерге шеберлік сыныптарын өткізеді, оның ішінде қажетті жеке тұлғалық қасиеттер мен еңбек машықтарын көтеру жөнінде кеңес береді. Мұндай кездесулер жастарға тәжірибені шебердің өзінен алуға, өзінің келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндігін бағалауға, өзін-өзі дамытуға арналған жаңа бағыттарды табуға, ең бастысы – өз бизнесін құруға ниеттенуге ықпал етеді. Туризм және қонақжайлық индустриясына арналған кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктіліктерін көтеру және сертификаттау салалық кластерін құрудағы Алматы кәсіпкерлер палатасының көздеген мақсаты да осы болатын.

«2014 жылы біздің колледжде Алматы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен туризм және қонақжайлық индустриясы салалық кластерінің үйлестіру орталығы құрылды. Аталмыш кластерде арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін даярлау жүргізіледі. Бұл проблема – салалық бағытты шеберлерді даярлау екендігі құпия емес. Топты жинаумен, оқытуды ұйымдастырумен ешкім айналысқан жоқ, бізде құрылған бағыттар болатын. Курста сабақ беру үшін қаладағы осы саланың жетекші мамандары тартылды. Бұлар оқытушыға жатпайды, олар білім емес, машықтарды беруді мақсат тұтқан кәсіпорын жұмысшылары», – дейді колледж директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ирина Анаятова.

«Біздің түлектеріміздің басым көпшілігі әлі күнге дейін бізбен ынтымақтастықта жұмыс істейді: кәсіпорындарда шеберлік сыныптарын өткізеді, студенттерді кәсіптік байқауларға дайындайды. Жоғары дәрежедегі World Skills халықаралық байқауына біздің студенттер тұрақты түрде қатысады және жеңіп те келеді.

Айталық, біздің түлегіміз Сергей Белоносов (қазір ол элиталық мейрамхананың бас аспазы) Қазан қаласында өткен осы беделді байқауға қатысты, онда Ресейдің 65 қаласынан және Еуропаның 12 елінен өкілдер келді. Байқауда ол үшінші орын алды және бұл үлкен нәтиже. Байқаудың Сан-Паулудағы келесі кезеңіне 72 ел қатысып, Сергей үздік отыздыққа кірді. Бұл біздің балалардың сұранысқа ие екенін және бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сергей – кластердегі оқуға іліккен  алғашқы түлектердің бірі. Бүгінде ол бізге арнайы қонақ ретінде келеді, балалармен шеберлік сыныбын өткізеді», – деп колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Лилия Рахимгереева өз пікірімен бөлісті.

Салалық кластер мамандарды даярлаудың және сертификаттаудың желілік формасы қағидаты бойынша жұмыс істейді, ол барынша кең көлемді қатысушылардың: «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредитациядан өткен жұмыс берушілердің республикалық салалық қауымдастығының, базалық кәсіпорындардың, профильдік ЖОО-лар мен колледждердің, салалық сертификаттау орталығының оқу, өндірістік, кадрлық, инновациялық, ақпараттық, қаржылық және материалдық ресурстарын біріктіруді көздейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер