«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық кәсіпкерлер енді салық қызметкерлерінің келетінін алдын ала біліп отырады

2016 жылғы 13 Мамыр
- Алматы қаласы
15673 просмотров

Алматы қаласы салық органдары енді кәсіпкерлерде онлайн-мәліметтер сақтайтын бақылау-кассалық машиналарының (БКМ) бар-жоғын тексерер алдында, ол туралы өңірлік Кәсіпкерлер палатасына хабарландырып отырмақ

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік кіріс департаменті арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумның қосымша келісіміне қол қою барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Аталмыш құжатта бұдан былай салық органы ӨКП-ны мәліметтерді онлайн түрінде беретін функциясы бар бақылау-кассалық машиналарының бар-жоғын түгендеу жөніндегі тексерулер жайында хабарландырып отыратыны айтылған. Салық қызметкерлері сонымен бірге Кәсіпкерлер палатасына олар бірінші кезекте баратын компаниялардың тізімін тапсырды.

Арнайы БКМ орнатуды жарты жылға бейресми шегеру мерзімінің өткенін атап өткіміз келеді. Бұдан былай қонақүй, мейрамханалар, сұлулық салондарының иелері, тұрмыстық техниканы, жиһазды, сантехниканы, құрылыс материалдарын және металл бұйымдарын бөлшек сатумен айналысатындар салық органдарын күте беруіне болады.

Бүгінгі таңда 1,7 мыңға жуық алматылық кәсіпкер әлі күнге дейін бақылау-кассалық машиналарды орнатпаған екен. Мемлекеттік кіріс департаментінің мәлімдеуінше, осы кәсіпкерлерге қатысты рейдтік тексерулер жүргізілетін болады.

Онлайн функциясы бар БКМ орнатуды міндеттеу ҚР аумағында акцизделетін өнімдерді (алкоголь және ЖЖМ) сатып өткізушілер үшін 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгенін еске саламыз. Ал, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Үкіметтің қаулысына сәйкес, мәліметтерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды орнатуы тиіс ұйымдар: ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық құрал-жабдықтарды, металл бұйымдарын, су құбыры және жылу құрал-жабдықтары мен инвентарларды көтерме сатушылар, компьютерлерді, перифериялық жабдықтарды және бағдарламалық қамтуды, аудио- және бейнетехниканы, электрлік тұрмыс құралдарын, жиһазды, жарық беретін құрал-жабдықтарды және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшектеп сатушылар, сондай-ақ, мейрамханалар мен тамақ өнімдерін жеткізу қызметтерін көрсететін кәсіпорындар, қонақүйлер, кинотеатрлар, шаштараз және сұлулық салондары. Үкіметтің № 1129 қаулысы 2015 жылдың 30 желтоқсанында шықты және де шын мәнінде кәсіпкерлерге осы олқылықты орнына келтіретін уақыт та, мүмкіндік те берілмегені рас.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің басталуын жарты жылға шегерді: бизнеске сауда операцияларын есепке алуға арналған қажетті техниканы сатып алуға және орнатуға мүмкіндік берілді. Бүгінгі күні бұл мерзім іс жүзінде аяқталды.

Осыған орай, салық органдары қызмет көрсету саласы кәсіпкерлерін алдағы жоспарлы тексеру туралы ескертіп отырады және олардың міндеттілігіне сенеді. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Жайдар Іңкербаевтің баяндауынша, «кейбір кәсіпкерлер оларда онлайн-беру функциялы бақылау-кассалық машинасының  жоқтығын  осы аппараттардың қымбаттығымен дәйектейді». «Алайда көпшілік қауым оларды өткен жылдың шілде айынан бастап-ақ қолдануға тиіс болатын, біз қайта Алматы Кәсіпкерлер палатасының өтінішімен олардың жағдайын түсініп, ешкімді тексерген жоқпыз. Тек бұл ретте потенциалды айыппұлдың ең төменгі сомасы БКМ-ның орташа құнының жартысына жуығын құрайтынын айтып өткім келеді», – деді МКД өкілі.

Мәліметтерді беру функциясы бар БКМ жоқ болған жағдайда алдымен ескерту беріледі, деп сендірді Жайдар Іңкербаев, тек содан кейін ғана айыппұлдық санкциялар кетеді: шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл алынады,  орта кәсіпкерлік субъектілерінен – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – 50 АЕК. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер