«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір жұп аяқ киімді 5 күнде тігіп шығады

2016 жылғы 06 Мамыр
- Алматы қаласы
9601 просмотров

Алматы қаласының Іскер әйелдер кеңесі дизайнер Жанель Бертаеваның кезекті жобасына қолдау көрсетті

Қазақстандық Lenazh.com интернет-дүкені «Жетысу» фабрикасымен бірлесе отырып жаңа жоба – тұтынушылардың барлық тобына арналған аяқ киім өндірісін іске қосты. Өндіріс Алматы қаласында орналасқан, ал, оған қажетті шикізаттар ТМД елдерінен және Еуропадан тасымалданады.

«Біз өндірісті ер адамдарға арналған модельді аяқ киім коллекциясынан бастауды жөн көріп отырмыз. Әрбір модель ең биік сапаға лайықталады. Біздің жас дизайнерлер заманауи сән үлгілерін назарға ала отырып, әрбір аяқ киім моделін айрықша етіп жасауға бар күштерін салады. Мақсатымыз осы. Одан бөлек, дизайнерлер әрбір аяқ киім үлгісін өздері тұтынып көреді. Бұл сән үшін ғана емес, тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін әлем өндірісінде кеңінен таралған тәжірибе», – дейді Lenazh.com интернет-дүкенінің негізін қалаушы Жанель Бертаева.

Бертаева берген ақпарат бойынша, аталған фабрика ертеректе (бұдан бұрын) тек мемлекеттік тапсырмаларды орындап келген. Енді, аяқкиімдер Made in KZ таңбасымен сауда дүкендеріне шықпақ.

«Біздің өнімдерді қазақстандықтар қалай қабылдайтыны және ынтымақтастаса отырып жасаған жұмыстың нәтижесін көру біз үшін қызықты әрі маңызды. Егер, барлығы жоспар бойынша орындалып жатса, әйелдерге арналған сәнді топтамаларды өндіруді қолға аламыз», – дейді дизайнер.

Қазіргі таңда, Lenazh.com интернет-дүкенінде аяқ киімдердің әрбір моделінен бір дана сатылымға қойылды. Егер өнім сұранысқа ие болып жатса, жаңа аяқ киім жұптарын дайындауға не бары бес жұмыс күні жұмсалады екен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер