«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтау ала болса...

2016 жылғы 21 Сәуір
- Жамбыл облысы
8814 просмотров

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы жылдың басты туристік оқиғасын елеусіз қалдырды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыста туризм саласын дамытуды мықтап қолға алып, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кемшіл тұстарды анықтап, оны жою үшін жұмыс тобын да құрған еді. Алайда, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 20-22 сәуір аралығында Алматы қаласында ұйымдастырылған 16-қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» KITF – 2016 көрмесіне қатыспауды жөн көріпті. Жақын арада Астана қаласында да осыған ұқсас көрме өтетіндігін алға тарта отырып, олар туризм бойынша ұлттық және өңірлік басқармалар, қазақстандық және шетелдік туроператорлар, шипажай қонақ үйлері, авиакомпаниялар мен интернет брондау жүйелері және т.б. қатысатын шараға  Жамбыл облысын қатыстыруды қажетсіз әрі маңызды емес деп санайды екен. Шынымен де, 31 елден келетін 300-ден астам компанияның Жамбыл облысының бай туристік әлеуеті туралы білуінің қажеті не?! Басқа облыстардың барлығы қатысушылар сол өлке жайында толыққанды ақпаратқа қанықсын деген ниетпен ерінбестен, ақпараттық стенділерін де, көптеген жарнамалық буклеттерін де ала келіпті.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығына жағдайды түзетуге тура келді.

 «Әрине, біз өз облысымыздың патриоттары ретінде, туризмнің дамуына шын мәнінде алаңдайтындықтан, бұл саладағы біздің зор әлеуетімізді біле отырып, уақытымызды босқа өткізбедік: өңірлердің барлығымен, Қырғызстанмен, Қытаймен, Ресеймен байланыс нөмірлерімен алмастық, облыстың туристік визит карточкасын (видеоролик, туристік нысандар, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орталықтары, туристік агенттіктер туралы толыққанды ақпараттар мен таныстырылымды) олардың облыстық туристік сайттары мен жетекші турагенттіктердің алаңдарына орналастырамыз деп келістік. Ал, облысымыздағы туризм саласына жетекшілік ететін, осыған жауапты тұлғалардың, облысымыздыға туризм индустриясының дамуын сөз қылмағанның өзінде, өзіңді жан-жақты көрсетуге, құнды тәжірибе алмасуға және қазақстандық турагенттіктермен ғана емес, Қазақстандағы туризмнің мүмкіндіктеріне ашық қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялармен әріптестік орнату үшін байланыс деректерімен алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық көрмелер сияқты өте маңызды шараларға атүсті қарауынан-ақ олардан түк пайда келмейтінін бағамдауға болады», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Айтпақшы, басқарма мұндай шараларға қатысуды қажетсінбей отырғанда, өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев кейбір облыстармен олардың делегациясының Жамбыл облысына туристік ақпараттық турға келуіне қатысты келіссөздер жүргізуде. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген...

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер