АЭА озық ойлы азаматтарды шақырады
Алматылық компанияларды «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА жұмыс істеуге шақырып, оларға МЖС-ге қатысудың тиімділігі туралы айтып берді
Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілері мен инновациялық компаниялардың қатысуымен көшпелі жұмыс отырысын өткізді.
Кездесу аясында кәсіпкерлік субъектілері мен инновациялық компаниялар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен АЭА аумағындағы құралдарды қолдана отырып, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөніндегі өзара тиімді ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Инновациялық жобалары бар кәсіпкерлердің «ИТП» АЭА аумағына ену мүмкіндіктерімен «ИТП» АЭА Комитетінің инфрақұрылымдық мәселелер жөніндегі директоры Сәбит Рәшев таныстырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні арнайы экономикалық аймаққа тиесілі 162 га жердің 142-сі бос жатыр. «Екінші кезектегі құрылыс және инфрақұрылымды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда тұр. Жер бар, игерілмеген жер аумағы 142 га. Біз инновациялық компанияларды белсенді ынтымақтастыққа және серіктестікке шақырамыз. Неге АЭА? Себебі, мемлекет тек біздің аумағымыз бойынша салықтық жеңілдіктер береді. Мәселен, егер компаниялар АЭА-дан тыс қызмет кезінде мүлікке салынатын салық (1,5%), КПН (20%), әлеуметтік салық (11%), ҚҚС (12%) және т.б. төлесе, АЭА қатысу кезінде салынатын салықтың салықтық мөлшерлемесі нөлге тең болмақ», – деп артықшылықтарымен бөлісті Сәбит Рәшев.
Сонымен бірге, ол бүгінгі күні «ИТП» АЭА-да ақпараттық технологиялар, электроника және жабдықтау, телекоммуникация және байланыс саласында 150 компания қызмет ететінін хабарлады. Олардың 17-сі шетелдердің (Оңтүстік Корея, Израиль, Түркия, Ресей, Италия, Швейцария, Канада) қатысуымен жұмыс жасауда.
Ал Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов АЭА ұлттық экономиканы дамытуда ерекше рөл атқаратынын айтты.
«Бұл аумақта жоғары технологиялар саласындағы бүкіл қазақстандық бизнес шоғырланған. Бұл өзінің қалыптасу кезеңін бастан өткеріп отырған ерекше ниша саналады. Тұтастай алғанда, өңірлік палата мен «Атамекен» ҚР ҰКП салалық қауымдастықтарымен бірге, барлық күші мен мүмкіндіктерін жұмсай отырып, сіздерге қолдау көрсететін болады. Палатаның негізгі міндеті – бизнесті қорғау. Былтырғы жылдың өзінде біз алматылық кәсіпкерлер құқығын 84 млрд. теңгеге қорғап қалдық. Әлбетте, біздің қызмет тек осы функциямен ғана шектелмейді. Біз тегін кеңес беріп, шетелдік инвесторлармен бизнес-кездесулер ұйымдастырамыз, мемлекеттік сатып алулар процесіндегі қазақстандық құрамды бақылаймыз, кәсіпорындар үшін жұмысшы кадрлар даярлау жөнінде дуальды оқыту жүйесіне қатысамыз. Былайша айтқанда, қазақстандық бизнесті дамытуға қолымыздан келгенін жасап отырмыз», – деді Палата қызметі туралы Юрий Тілеумұратов.
Сонымен бірге, жиын барысында инновациялық компаниялар басшыларына жобаларды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен инновациялық қызмет концессиясы аясында субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндіктері туралы айтылды. Мысалы, 2016 жылдың басынан бері Алматы қ. ӨКП-на кәсіпкерлерден МЖС-ге қатысу туралы төрт өтінім келіп түскен. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша құны 1 600,0 млн. теңге болатын үш жоба және кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысқа сервистік қызмет көрсету аясында білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша құны 914,0 млн. теңге болатын тағы бір жоба.
«Бірқатар банктер бизнесті несиелеуін тоқтатып отырған, қаржылық емес ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында сіздерге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралдарын пайдаланудың тамаша мүмкіндіктері беріліп отыр. Мемлекет нысанды қолайлы мөлшерлемемен 20 жылға дейін жалға береді, кәсіпкерге өз бизнесінің қызметін жүргізу, жоспарлау және ұлғайту мүмкіндіктері ұсынылған. Биыл Алматы қ. ӨКП Жұмыс тобының қарауына жалпы құны 386 416,0 млн. теңге болатын 81 жоба шығарылды. Бүгінгі таңда Алматыда емхана құрылысы (ТМККК) жөніндегі 1 жоба мақұлданып, мемлекет кәсіпкерге 4 қабатты ғимарат беріп отыр. МЖС-ге қатысу мүмкіндіктері сіздерде де бар», – деді Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Қайрат Қасенов.
Сонымен бірге, жиын қатысушыларына Алматы қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жетекші мамандары жеке қаржылық бастаманы пайдалану арқылы инновациялық жобаларға бастамашылық ету тәртібі, МЖС-нің институционалдық және келісім-шарттық формалары, бухгалтерлік және салықтық есеп, сатистикалық есеп беру, кедендік процедуралар, мемлекеттік сатып алулар, менеджмент жүйелерін енгізу және қолдау мәселелері бойынша кеңес берулер мен заңдық көмектер көрсетілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: