«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Токарь болсам деп едім...

2016 жылғы 15 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
12269 просмотров

Қайта даярлық курсын тыңдаушылар Петропавловск қаласының машина жасау колледжіндегі оқуларын аяқтады

Бұл жолы токарь кәсібін «Көпсалалы құралдар зауыты» ЖШС-нің 6 жұмысшысы мен 2 студент игеріп шықты.

«Көпсалалы құралдар зауыты» ЖШС директорының өнім өндіру бойынша орынбасары, біліктілік комиссиясының төрағасы Александр Тукачевтың айтуынша, жұмысшылар теорияны қалай жақсы меңгерсе, тәжірибені де солай игерді.

«Қорытынды емтихан тест сұрақтарына жауап берумен басталды. Мысал ретінде 3 разрядты токарьдың игеруге тиісті бір тапсырманы орындады. Жастардың барлығы білімдерін көрсетіп жатыр. 100 сұрақтың 82-ден бастап 100 толық дұрыс жауап берді. Барлық детальды қатесіз орындап шықты», – дейді Александр Андреевич.

Петропавловск қаласындағы машина жасау колледжінің басшылығы техникалық оқу ордалары мен ірі кәсіпорындар арасындағы әлеуметтік серіктестік деген ұғымның дәстүрлі мағынасы кеңейтіп жатыр. Бизнес субъектілерін колледждер тәжірибе беретін алаң деп қарастырады. Теорияны нақты іспен бекітетін орын деп есептейді. Партада алған біілмді дәл сол кәсіпорынға барып іс жүзіне айналдырады деп қарастырады.

«Қазір зауыт колледжбен серіктес болуға ынталы, – дейді Андрей Тукачев. – Өндірістегі жетекшінің мақсаты – әрбір істі қалай орындау керектігін құлаққа құю, ал теориясын арнайы дайындалған мамандар үйретсін. Яғни, колледж мамандары. Оқу ордасының материалды-техникалық базасы кәсіпорынның талаптарына сай. Станоктағы алғашқы жұмысты оқушылар сол жерден үйренеді. Бұл жалпы алғанда өндірістік үдерісті бұзбайды».

Үйрету жалпы оқу үрдісінің жоспары бойынша жүрді. Оның үлгісін даярлықтан, қайта даярлықтан өткізетін, кадрлар біліктілігін көтеретін ұйымдар үшін СҚО кәсіпкерлер палатасы ұсынған болатын.

«Тыңдаушылар колледжде теория тыңдап келеді. Енді тәжірибеден өтеді. Өндірістік үйретуді зауытта жүргізді. Ол жалпы білім беру сағатының 60%-ын алды. Жас жұмысшылардың даярлығын алсақ, ол жұмыс берушінің ақысынан төленеді. Кәсіпорын мен жұмысшы арасындағы келісім-шартта қайта даярлықтан өткізу туралы тармағы бар. Оқу біткен соң жұмысшы сол уақытты өтеп береді», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Светлана Цупко.

Тыңдаушылардың барлығының мамандығы бар. Әр кезде техникалық және өндірістік оқу ордаларын тәмамдаған. Немесе бітіріп жатқандар. Емтихан алу кезінде СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы жастардың неге осы мамандықты таңдағанын білгісі келді.

Солтүстік Қазақстандық кәсіби-педагогикалық коллдеждің 3-курс студенті Иван Морарьдың айтуынша токарьлық кәсіп ауылдық жерде керегіне жарап қалады.

«Колледжді бітірген соң, ауылшаруашылық өндірісінің механигі мамандығымен ауылға қайтам. Өзімнің туған жерім Тайыншы ауданына оралғым келеді. Ауылдық жерде маусымдық жұмыстар болғандықтан, токарьдың кәсібі маған мехнаик ретінде ғана емес, жалпы көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Демалыс кездерінде қолым бос болмасын деп үйреніп жатырмын», – деді жас  түлек.

Михайл Рыбаков келешекте зауытқа барып жұмыс істегісі келеді. Бұл мамандықты сол үшін үйреніп жатыр.

«Техник-сантехник деген мамандығым бар. Бірақ туысым зауытқа бар деген соң токарьлықты да меңгердім. Ол жерде тұрақты жұмыс бар, жалақысы да жақсы. Оның үстіне тәжірибе кезінде өзімнің стногымда тұрып жұмыс істеп көрдім. Маған қатты ұнады», – дейді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер