«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Адем» СҮ-дегі өрттен зардап шеккендерге «АТФ Банк» қолдау көрсетеді

2016 жылғы 14 Сәуір
- Алматы қаласы
8978 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен «АТФ Банк» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бизнес-қоғамдастыққа арналған Ашық есік күні аясында Алматы Кәсіпкерлер палатасында Алматы қ. ӨКП мен «АТФ Банк» АҚ Алматы қ. филиалы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.

Шара жиын түрінде өтті. Банк пен кәсіпкерлер арасындағы ашық пікірлесуге арналған қосымша алаң қаржы институтына шағын және орта бизнесті несиелеудің мемлекеттік және жеке бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік берді.

«Біз қаладағы бизнес жағдайын тұрақты түрде бақылап отырамыз, былайша айтқанда оның орташа температурасын өлшеп отырамыз. Егер былтырғы жылдың ортасына дейін бизнесті қаржыландыру әкімшілік кедергілерді болдырмау және құқықтарды қорғау мәселелерінен кейін 3-орында тұрса,  2015 жылдың 20 тамызынан кейін жағдай түп-тамырымен өзгерді. Ендігі күні, әсіресе шағын бизнес өкілдерінің басты проблемасы – қаржы ресурстарына қолжетімсіздік. Біз қолдан келгенше түрлі инструменттер көмегімен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеміз. Қосымша көз ретінде мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы кезінде  отандық өндірушілер мүддесін қорғау болды. Жуырда ғана біздің көмегімізбен Медицина қызметкерлері қауымдастығы Алматы әкімдігіне  3 ірі жобаны ұсынып, олар жақын арада жүзеге асырылмақ. Бірақ бизнес үшін қаржыландырудың басты көзі, әлбетте, банктер мен мемлекеттік субсидиялау бағдарламалары болып отыр. Сондықтан «АТФ Банкпен» меморандумға қол қою өнімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашады», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Өз кезегінде, «АТФ Банк» АҚ филиалының директоры Алмаз Құрманғожин Палата басшылығына ұсынылған алаң үшін ризашылығын білдіріп, өзара тиімді қарым-қатынас орнайтынына сенетінін жеткізді.

«Бүгінгі күні «АТФ Банк» АҚ – бұл ел өңірлерінде тармақты филиалдары бар әмбебап қаржы институты (17 филиал мен 96 бөлімше). Активтер көлемі жөнінен екінші деңгейлі банктер арасында АТФ банк 6-орында, ал қарыз портфелі бойынша – 5-орында. «Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасының (2,3 траншы) аясында банк жабдықтар топтамасын, жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған 60 айға дейін берілетін, пайыздық ставкасы жылына 6% болатын теңге түріндегі несиелер береді. Банк құралдарының арасында ипотека, жылына 8%-дық ставкамен кепілдіксіз қарыз, жалақыға дейін берілетін овердрафттан басқа несие картасын ашу, жылына 15%-дық ставкамен депозиттер бар. Біздің банк ШОБ-ты несиелендіру үшін старт-аптардан басқа (олардың жоғары тәуекелі себебінен) барлық жобаларды қарастырады. Кәсіпкерлерді серіктестікке шақырамыз, әрбір өтінім жеке-жеке қарастырылады», – деді кәсіпкерлерге Алмаз Құрманғожин.

Қатысушылар арасында 2015 жылдың сәуірінде «Адем» СҮ-де орын алған өрт салдарынан зардап шеккен ЖК Гиматова да болды. «Мен бизнесімді дамыту үшін «АТФ банктен» несие алған едім. Төтенше жағдайдан соң бизнесімді тоқтата тұруға тура келді, ал төлеу мерзімі өтіп кеткендіктен  несие айыппұлы ай сайын өсуде. Бұл форс-мажор ғой. Оған қоса бізге сауда үйін осы жазға дейін қалпына келтіріп береміз деп уәде берген. Бірақ соңғы ақпарат бойынша сауда алаңы тек бір жылдан соң дайын болатын көрінеді. Қызметтің уақытша тоқтауына байланысты маған қандай да бір жеңілдіктер мен несиені өтеу кестесін қайта қарау ұсыныла ма?», – деген сауал қойды кәсіпкер әйел банк басшысына.

Алмаз Құрманғожиннің айтуынша, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы жеңілдіктер ұсыну және кәсіпкерле мүддесін қорғау туралы мәселені бұрын да қозғаған еді.

«Біз бұл мәселені банк акционерімен бірге талқылаған едік. Соңғы кезде проблемалы клиенттермен жағдай ушығып отыр. Алайда сіздің жағдайыңызда өтінішіңіз жеке қаралып, банк барынша жеңілдік жасауға тырысатын болады», – деді банк өкілі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер