«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті билікпен тікелей байланыс орнатты

2016 жылғы 08 Сәуір
- Алматы қаласы
9259 просмотров

Алматы ӨКП Өңірлік кеңес төрағасы бірлесе атқарылған жұмысқа жоғары баға берді

Палата құрылғаннан бастап біз кәсіпкерлермен өзара ықпалдастық жасау бойынша жүйелі жұмыс жасап келеміз дегенді жеткізді «Атамекен» ҚР ҰКП мен Алматы қ. ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестердің бірлескен отырысында Өңірлік Кеңес төрағасы Ерлан Стамбеков.

«Кәсіпкерлермен ғана емес, сонымен бірге Алматы әкімдігімен және оның белсенді командасы арасында да тығыз ынтымақтастық орнаған. Жекелей алғанда Ерлан Маратұлы Аукенов кәсіпкерліктің сан түрлі мәселелеріне жетекшілік етеді. Үшіншіден, былтыр біз прокуратурамен бірлесіп «Бизнес-Мен» мобильдік қосымшасын іске қосқан едік. Бұл қосымша күннен күнге танымал бола бастаған. Оның арқасында кәсіпкерлер құқықтық сауатсыздықты жою процесіне белсендірек атсалысатын болған. Сонымен бірге прокуратура кәсіпкерлермен өзара әрекеттестік процесіне қатысатын барлық прокурорлардың ұялы телефон нөмірлерін ұсынып отыр. Түскен өтініштер көп болды, бизнестің құқығы тез арада қорғалған оң  нәтижелер де жоқ емес», – деді Ерлан Стамбеков.

Әлеуметтік желілерде құрылған «Наше дело» тобы да айтарлықтай рөл атқаруда. Әр сейсенбі сайын белсенді желі пайдаланушылары, оның ішінде жұмыс істеп тұрған және бастаушы кәсіпкерлер Алматы Кәсіпкерлер палатасы алаңында бас қосып, өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешімін іздейді.

Жөнге келтірілген өзара ықпалдастықты Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов те байқап отырғанын жеткізді. Оның ойынша, Қазақстанның Doing Business Дүниежүзілік банкі рейтингіндегі орны өзара тиімді әрекеттестіктің дәлелі бола алады. «Егер 2014 жылы Қазақстан іскерлік ортаға арналған жағдайларды жақсарту жөнінен 53-орында тұрса, 2015 жылдың нәтижелері бойынша біз 41-орынға көтерілдік. Бұл Алматыда атқарылған заңнамалық реформалар мен құқық қолдану тәжірибесі арқасында жүзеге асып отыр. Процедуралар саны да бес есеге қысқарып отыр: процедуралардың жалпы саны 41-ден 14-ке азайған, сондай-ақ орындау мерзімдері де бес есеге қысқарған. Ай сайын «Атамекен» ҚР ҰКП-мен, Үкіметпен, министрліктермен, Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлескен отырыстар өтіп тұрады, Жоғарғы Сот өкілдері келеді. Біз шамамызға қарап, нені қалай түсіндіру керектігін айқындап алып, нәтижелерді ұсынамыз. 2016 жыл нәтижелері бойынша өсу болады деп ойлаймыз», – деді Ерлан Аукенов.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алматы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін қаланың ҰӘЖ бойынша жұмыстарына қосу міндетті болу керек деп санайды. Мысалы, БЖК – 2020 бағдарламалары бойынша комиссиялар, Индустрияландыру картасы, Сарапшылық кеңесі, Бюджеттік комиссия және т.б.

Бүгінде оның айтуынша, кәсіпкерлердің пікірінсіз қала үшін маңызды бірде бір шешім қабылданбайтын көрінеді.

Алматы қ. прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев те Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасымен тікелей байланыстың жөнге келтірілгені туралы айтты. Ұсынылған есепте ол келесі деректерге назар аударды. «Ерлан Даулетұлы Стамбековтің айтуынша, «Бизнес-Мен» мобильдік қосымшасы енді өз нәтижелерін беріп отыр. Біз қолдау көрсеткен 108 дерек бар. 47 дерек бойынша кәсіпкерлер оң нәтижелер туралы ақпарат берді. Жекелей алғанда, кәсіпкерлердің бірінің жер телімін рейдерлік арқылы тартып алу фактісі орын алып, ол бойынша қылмыстық іс қозғалған, ал мүлік кәсіпкерге қайтарылған. Мұндай шаралар бізде жетіп артылады», – деп хабарлады Жандос Өмірәлиев.

Қалалық прокуратура өкілінің айтуынша, Өңірлік палатамен бірлікте заңсыз тексерістерді болдырмау жөнінде ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, 2012 жылы қадағалау органы кәсіпкерлерге 20 000 тексеріс жүргізсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 7 000-ға түскен. Кей мемлекеттік бақылау органдарының (ТЖД, СЭС) кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізген тексерулері тіптен азайған. Бұлардың барлығы қала және тұтас мемлекет аумағындағы бизнестің тұрақты дамуына септігін тигізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер