«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерге бөгет болған «қызыл сызық»

2016 жылғы 08 Сәуір
- Алматы қаласы
11162 просмотров

15 жылға созылған іс Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде шешімін тапты

Тулендива ЖК мәселесімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукеновтің өзі айналысатын болды

Алматы бизнесіне тән жүйелік әрі басты проблемалардың бірі рұқсат құжаттарын алу. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік органдар түрлі кедергілер келтіріп, сырғытпа жауаппен бас тартып немесе мүлде әрекет жасамайды екен.

Осылайша, Тулендива ЖК Төле би көшесінің бойына дүкен салу үшін 15 жылдан бері СЖТ-ға (сәулет-жоспарлау тапсырмасына) қол жеткізе алмай келеді. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы кәсіпкерге тиесілі жер телімі қызыл сызықтың бойында жатыр деген қорытынды шығарған. Алайда, сарапшылар сотта бұл байламды жоққа шығарды. Сот шешімі 2014 жылдың маусымында заңды күшіне енсе де, әлі күнге дейін орындалмаған.

Бұл мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП мен Алматы қаласы ӨКП-ның мәжілісінде ортаға салынды. Кездесуге келген Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Төлеухан Исмаилов күтпеген жерден сот шешімінің орындалғанын алға тартты.

«Қазіргі уақытта сәулет басқармасы сот шешімін орындады. 18.03.2016 жылы Төлендиева Г. №429 СЖТ алды. Оған қоса, сол жер телімі орналасқан ахуалдық сызба да бар. Алматының бас жоспары бойынша Үкіметтің 19.11.2002 жылғы қаулысында ол жерде қызыл сызық белгіленген. Дүкен салуға бөлінген жолақ болашақта Төле би көшесін Момышұлы көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін ұзарту аумағына түсіп отыр. Міне, осы себепті сәулет басқармасы кәсіпкерге жер беруден бас тартып келген», – дейді Төлеухан Исмаилов.

«Иә, СЖТ берілді, алайда, дүкен құрылысын әлі де бастай алмаймын. Маған бұл құжаттың толық еместігін айтты. Оған қоса, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары мен басқа да құжаттар берілуі тиіс екен. Ондай құжаттар жоқ. Олай болса, маған мұндай жасанды анықтаманың қажеті не? Мұны менің мәселемнен құтылу үшін жасаған», – деп қарсылық танытты Гүлнәр Төлендиева. Ол 2001 жылы сатып алған дүкенін Алматы әкімдігінің заңсыз құлатқанын да айтты. Кейінірек биліктің кінәсі сотта дәлелденіп, Тулендива ЖК-ға материалдық залал төленді. Қазіргі таңда кәсіпкер бұл мәселенің шешімін ең құрығанда өтемдік механизм арқылы, яғни қала орталығынан теңдей бағадағы жер телімін бөліп беру арқылы шешілуін талап етіп отыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП-дан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен Әділет министрлігіне хат жолданған. Нәтижесінде, Алматы қаласының прокуротурасы сәулет басқармасының басшысы Садырбаевқа заңға түсіндірме табыстаса, ал Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне Садырбаевты қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс жіберді. 

Жиналыс қарарында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы «Тулендиева Г.С.» ЖК-ның құқығын қорғау бойынша заңды күшіне енген сот шешімін орындауға кеңес берілді. Сонымен қатар, отырысқа қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов мәселеге бей-жай қарамайтынын аңғартты. «Қаланың бас жоспары бар. Сол бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, бекітілген. Егер сіздің талаптарыңыз егжей-тегжейлі жобалау жоспарына сәйкес келсе, онда сізге көп ұзамай қажетті құжаттар беріледі. Сіз, ертең менің қабылдауыма келіңіз. Біз сіздің мәселеңізді егжей-тегжейлі қарап, дұрыс шешімге келеміз», – деп уәде берді Ерлан Әукенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер