«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алма бақтар құлпыра берсін

2016 жылғы 11 Наурыз
- Алматы қаласы
12105 просмотров

«Alma-Qala'16» науқанының аясында алматылықтарды ағаш отырғызуға шақырады

Игі істің бастамашысы атақты кәсіпкер, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Өңірлік кеңестің басшысы, «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы – Ерлан Стамбеков. Сенбілікке кез келген адам қатыса алады. Ол үшін бар болғаны 250 теңгеден 2000 теңге аралығында көшет сатып алуға қаражат өткізіп, немесе қаланың кез келген базарынан көшетті өз қалауымен сатып алып, отырғызуы қажет. «Біз үшін қай жерге емес, нені отырғызу маңызды. Өзінің бау-бақшасына болсын, отырғызса болғаны. Егер әр алматылық өмірінде ең аз дегенде бір көшеттен отырғызса, қаламыздың 5-10 жылдан кейін гүлденген, жасыл қалаға айналатынын көзіңізге елестете аласыз ба?!», – дейді Ерлан Стамбеков.

«Ұйымдастыру комитеті бірнеше тәлімбақтармен келісіп қойды, енді науқан күндері көшеттердің бағасы арзандатылмақ. Көшеттер сатылатын орындар туралы мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы білуге болады: +77476496840, +77272960766, +77272960766, +77074610790», – деп мәлімдеді «Ағаш отырғыз» қоғамдық қорының өкілі Дәурен Жолдасбаев.

«Alma-Qala'16» науқаны 12 наурызда басталып, 24 сәуірде аяқталады. Ұжымдық көшет отырғызу туралы мәліметтерді Faсebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/groups/AlmaQala1/ парақшасынан немесе almaqala@mail.ru парақшасына өтініш білдіру арқылы алуға болады.

Өткен науқандардың қорытындысы бойынша бес мыңдай алматылықтан құрылған бастамашыл топ 25 мыңдай ағаш отырғызған. Көшеттердің басым бөлігі – науқанның символына айналған Іле Алатауында өсетін жабайы Сиверс алмасы. Міне, алманың нақ осы түрі барлық алма түрлерінің түп төркіні саналады. Жас көшеттер жаңа салынған құрылыс алаңдары мен шағын аудандардың, Алматының ескі орталығының, әлеуметтік нысандардың аумақтары мен білім ордаларының сәніне сән қосып тұр. Көшеттер өзіне жауапкершілігіне алып, болашақта жақсылап күтіп, баптау шартына келіскен жандардың барлығына тегін таратылды. Ұйымдастыру комитеті қала бойынша көшеттерді тасуға, отырғызу технологиясына, өтініштерді қабылдауға және еріктілерге жауаптыларды анықтап қойды. Осыған ұқсас науқан өткен жылы Астана, Шымкент, Көкшетау қалаларында басталған еді.

Ұйымдастырушылар бей-жай қарай алмайтын қала тұрғындарын осы жылы да науқанға белсене қатысуға шақырады. Жобаны қолдағандар: Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Үміт Шаяхметова бастаған Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі, Алматықаласының әкімшілігі, «Мен – алматылықпын» қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Константин Авершин, атақты бизнесмен және қоғам қайраткері Сергей Терещенко, «Вираж» автосалоны, «Еуразиялық Франчайзинг Қауымдастығы», «Эльдани» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Ағаш отырғыз» қоғамдық қозғалысы, Қазақ географиялық қоғамы, «Мега» сауда үйі, «Алмалы Жұмақ» қоғамдық қорының көшбасшысы Марғұлан Сейсембаев, бизнесмен Медет Рахымбаев, «Аlatau flouers» ЖШС.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер