«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сианьға тура сапарлауға жол ашық

2016 жылғы 10 Наурыз
- Алматы қаласы
8617 просмотров

SCAT әуекомпаниясы «Алматы – Сиань» маршруты бойынша алғашқы рейсін жасады

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов SCAT авиакомпаниясын Қазақстандағы Қытай туризмі жылы қарсаңында халықаралық рейстің ұшырылуымен құттықтады.

Boeing 737 ұшағымен әр бейсенбі күндері тұрақты түрде  ұшу 10:00-де,  ал ұшып келу 16:15-те жүргізіледі. Екі елге де ұшу ақысының құны барлық тарифтерді қосқанда, 113 268 теңге. Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін ҚХР-ның ежелгі қалаларының бірі мен Қазақстанның оңтүстік астанасы арасындағы әуехабарлама Қытайдың басқа қалаларымен тоғысатын рейстер арқылы жүргізіліп келген. «Тұңғыш рет Қазақстаннан Сианьға дейінгі тұрақты рейс тура болып тұр, бұл қазақстандықтарға ұшуды ыңғайландырып, жолға кететін уақытты қалыптасқан он екі сағаттан гөрі, төрт сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сианьға дейінгі тура рейстің ашылуы қазақстандықтарға Қытайдың ежелгі қалаларының бірінің мәдениетімен танысып қана қоймай, Қазақстан Республикасына келушілер туризмін дамытуға қосымша серпін береді. Бұл, әсіресе, «EXPO – 2017» көрмесін ұйымдастыру қарсаңында аса маңызды», – деп атап өтті «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ-ның президенті Владимир Денисов.

«Алматы қаласының Қытай қалаларымен және өңірлерімен қатынас географиясы кеңейіп келеді, – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов. – Бұл біздің қаламызға бизнес өкілдерін, Қытайдан жаңа туристерді, Алматы қаласының мыңжылдығы, қысқы «Универсиада – 2017», «EXPO – 2017» көрмесі қарсаңында ресми делегацияларды тартуға мүмкіндік береді. Тура әуе рейсі алматылықтарға Сиань қаласының көрікті жерлерімен танысуға және Қытайдың бизнес-ұйымдарымен қарым-қатынасты қалыптастыруға, сондай-ақ екіжақты тауар айналымын еселеуге жол ашады».

 «Сиань – Қытай өркениетінің бесігі. Астана ретінде мыңжылдық тарихы болса, қала ретінде үш мың жылдан астам тарихы бар. Сиань тек қана мәдени орталықтарының көптігімен көз тартып қоймайды, сонымен қатар, өндірісі дамыған өнеркәсіптік орталық (әуе-, машина жасау). Тура әуехабарламаның ашылуы екі қала арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді, транспорттық-логистикалық, инвестициялық, туристік, мәдени, білім беру әлеуетін арттыруға негіз болады», – деді Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырза қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі. Екі ел арасындағы әріптестік түрлі сала бойынша жыл өткен сайын өсіп, өркендеп, халықаралық байланыстар мен сенімді нығайта түсуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер