«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

8 наурызға арналған әдемі сыйлық

2016 жылғы 01 Наурыз
- Алматы қаласы
11134 просмотров

Алматыда «CentralAsia Hometextile – 2016» үй тоқымасының халықаралық көрмесі өтуде

Мамық жастықтар, әсем перделер мен тамаша кілемдердің көктемдей құлпырған гүлдері көздің жауын алады. CentralAsia Hometextile – орта азиялық аймақтағы ең белсенді мамандандырылған  көрме. Орасан зор уақиға осы саладағы аса ықпалды ұйымдар мен ведомстволардың қолдауымен өтіп жатыр: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы қ. Әкімдігі, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы, ҚР Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, Қырғызстанның «Легпром» жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы.

Көрмеде әлемдік өндірушілердің перделері, жабулары, жиһаз қаптайтын мата мен материалдары, терезе зерлеуге арналған аксессуарлар, төсек және ас үй жабдықтары, шымылдықтар, ұйықтайтын бөлме, ванна және ас үй тоқымалары, жастықтар, көрпелер, кілемдер және тоқымадан жасалған еден жабындылары қойылған.  «Отандық өнім» секциясы айрықша көзге түседі, мұнда қазақстандық «Bal Tekstil» фабрикасының кілемдері ұсынылған. Айта кететін болсақ, бұл компанияның өнімдері көрме келушілерінің ерекше қызығушылығын туғызды. Өндіріс қуаттылығы жылына 5 млн. кілем бұйымдарын өндіруге жететін кәсіпорын Шымкент қаласында орналасқан. Нарықта 21 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді және 200-ден астам жұмыскерді еңбекпен қамтып отыр.

Көрме, сондай-ақ, Қазақстан мен жақын және алыс шет елдерден келген кәсіпқой қатысушылардың кездесуі мен келіссөздер жүргізуіне ыңғайлы алаң болды. Интерьер дизайнерлері, сәулетшілер, веб-дизайнерлер, дистрибьюторлар, көтерме және бөлшек сауда иелері жаңа коллекциялармен, соңғы  үрдістермен танысты. Көрмеде өнімдерді көрсету, технологиялар саласы және жұмысты кәсібилікпен ұйымдастыру ісі бойынша тиімді тәжірибе алмасу, нарық пен бәсекеге қабілеттілік ахуалын талдау, келісім-шарттар үшін жақсы жағдай жасалды.

«Бүгінгі күні тоқыма саласы өкілдерінің басым көпшілігі әйелдер екені қуантады, – дейді Алматы қ. Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Эралиева. – Біз ел экономикасын дамыту және әркімнің әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлермен ынтымақтасуға дайынбыз. Іскер әйелдер кеңесі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен  2015 жылдың шілде айында құрылған болатын. Осы уақыт ішінде біз жеке ісін ашу, салық пен бухгалтерлік есеп, маркетинг және кедендік ресімдер бойынша тегін консультациялар беріп келеміз».

Алматы қ. Іскер әйелдер кеңесі сыртқы экономикалық қызметті дамыту және бизнес-байланыстарды жолға қою мақсатымен кәсіпкер әйелдердің халықаралық конференцияларға, қаламыздағы көрмелер мен форумдарға қатысуын тұрақты түрде ұйымдастыратынын атап айтқан жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер