«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талантты жас мамандар іріктеледі

2016 жылғы 25 Ақпан
- Алматы қаласы
8717 просмотров

Алматыда WorldSkills жұмысшы мамандықтарының чемпионаты басталды

Алматыдағы 30 колледждің студенттері өз ісінің үздік маманы атағын алу үшін шеберлік сайысына түседі. Өңірлік конкурсқа 12 бағыт бойынша 79 үміткер қатысады: құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, майлау және әрлеу жұмыстары, электр монтажы, веб-дизайн, желілік және жүйелік әкімшілеу, дәнекерлеу технологиялары, шаштараз өнері, аспаздық ісі, кондитерлік іс, мейрамханалық сервис, мектепке дейінгі тәрбие, киім дизайны. Жеңімпаздар Алматы қаласының атынан WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысады және Алматы Кәсіпкерлер палатасының алтын сертификаттарын алады. Осы атаулы дипломдар негізінде ӨКП-да үздік жұмысшы кадрлар тізілімін құрастырады, ол тізілім қаланың алдыңғы қатарлы әлеуетті жұмыс берушілеріне ұсынылады.

Конкурс жеңімпаздары бас айналдыратын мансап жасауға мүмкіндік алады. Дәл осында жетістікке Алматы туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжінің студенті Сергей Белоносов жетіп үлгерді. Талантты жігіт басында Worldskills Kazakstan – 2015 Ұлттық чемпионатында аспаздық өнер бойынша бірінші орынды қиналмастан жеңіп алды, әрі қарай ТМД Worldskills Russia – Kazan – 2015 халықаралық чемпионатында, содан кейін Сан-Паулу (Бразилия) қаласында өткен WorldSkills Competition-2015 әлемдік чемпионатында асқан шеберлік көрсетіп, «Best of Nation» медалін жеңіп алды. Чемпионаттан келген жас жігітті курстастары ғана емес, рестораторлар да асыға күтіп тұрды. Аспаздың тамаша тамақтарын «Ассорти», «Афиша», «Roma Caffe» мейрамханаларының, «ЛенКонцерт» вьетнам кофеханасының келушілері лайықты бағалады. Бүгінгі күні Сергей Белоносов – «Night Plaza» элиталық мейрамханасының бас аспазы.

Қатысушылардың тағдырын құзыретті әділ қазылар алқасы шешетін болады, оның құрамына Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласы Білім басқармасының, Колледждер қауымдастығының, РҒӘО қалалық филиалының, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері кірген.

«Білікті кадрлардың өткір жетіспеушілігі байқалып отырған қазіргі кезде осындай конкурстарды өткізу өте маңызды және өзекті. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы осы тұрғыда үлкен жұмыс атқарып отыр. Ол 6 колледжді қамқорлыққа алды: Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Алматы полиграфия колледжі, Индустрия және қонақжайлылық колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі. Білім берудің дуальды жүйесі Жол картасын іске асыру шеңберінде 47 кәсіпорынмен, 32 колледжбен екі мыңнан астам маман даярлау туралы 80 келісім жасалған. Алдағы уақытта да біз талантты жастарды жұмысқа орналастыруға жан-жақты көмек көрсететін боламыз», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.

Қазақстан 2014 жылдан бері WorldSkills халықаралық қозғалысының мүшесі болып саналады. Бұл коммерциялық емес құрылым нарықтың қазіргі сұранысына сәйкес жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту үшін құрылған. Оған қоса, 2016 жылы «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» атты жаңа жобаның тұсауы кесілді. Бірінші кезеңде жұмысшы мамандықтары бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру колледж оқушыларына арналып енгізіледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер