«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңдайшадағы жазу – жарнама емес!

2016 жылғы 25 Ақпан
- Алматы қаласы
25071 просмотров

Алматылық кәсіпкерлер маңдайшадағы жазу үшін салық төлеуден бас тартуда

Алматылық жеке кәсіпкер Суриям Низамдинова Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы басқармасының және «Алматыжарнама» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне наразылық білдірді. Бұл екі құрылым да кәсіпкердің ғимаратқа кіре берісте іліп қойған «Автомойка» деген жазуын жарнама деп есептейді және республикалық мәндегі қалаларда ғимараттан тыс жердегі ашық кеңістікте сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін ақы төлеу ережесі бойынша негізгі төлемақы 39 640 теңге және 955,71 теңге өсімақы сомасында салық салған. Таң қаларлығы, ертеңінде-ақ берешектің сомасы 83 244 теңгеге өсіп шыға келген, ал бүгін – жарты миллион теңгеден асыпты.

Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары да тексерушілердің іс-әрекетін негізсіз деп есептейді.

«ҚР-ның «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама дегеніміз –  адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

Маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат. Низамдинова ЖК-ге қатысты жағдайда, біз кәдімгі маңдайшаға жазылған жазуды көріп тұрмыз, демек, оған салық салуды дұрыс емес деп санаймыз», – деді ӨКП-ның Әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің сарапшысы Гүлнар Мамажанова.

«Жарнама туралы» заңда аталған шешімге негіз болатын пункттер бар. Онда сыртқы жарнама нысандарына бірқатар нысандар жатпайтыны айтылады. Бұл азық-түлік, киім және басқа да заттар сататын сауда дүкендері. Сондай-ақ, оған қоғамдық тамақтандыру орындары, оның ішінде мейрамханалар, фастфуд мекемелері және тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін басқа да нысандар кірмейді. Автокөлік жуатын орын олардың ешқайсысына жатпайды, демек, ондағы жазуларға жарнама ретінде салық салуға болады», – деп мәлімдеді Сәулет және қала құрылысы басқармасының заңгері Руслан Керімбаев.

Ол сондай-ақ, егер де басқарма қызметкерлері бизнесмендерді, атап айтқанда, автожуу қожайындарын жауапкершілікке тартпаса, онда өздері жазаланады. «Ертең бізге прокурорлар келіп, аталған заңды басшылыққа алмайтынымызды айтуы мүмкін. Яғни, біз біреулердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына қолдау көрсетіп отырмыз деген сөз. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деп атап өтті Р.Керімбаев.

Сонымен, Кеңес бұл мәселенің мәнісі заңнамадағы кемшіліктерде жатыр деген түйінге келді.

«Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажет: жарнаманың нысанына не жататындығын, кәсіпкерліктің қандай субъектілері аталған салықты төлеуге міндетті екендігін көрсететін анық тізім болуы тиіс. Әзірге осындай басқаша оқылатын мәтіндер бар кезде, бізге шағымданушылар да келе береді. Бұл Алматыда жүйелі сипат алған проблема. Жыл басынан бері бізге осындай шағыммен 15 кәсіпкер келді, олар мысалы, «INVIVO»ЖШС, «Манго Трэвел» ЖШС,  «Турфирма Роза ветров» ЖШС және басқалар. Біз аталмыш мәселені «Атамекен» ҚР ҰКП-нің орталық аппаратының талқылауына ұсынамыз, ал жергілікті деңгейде іс материалдарын Алматы қ. Прокуратурасына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментіне тапсырамыз», – деп баяндады Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер