«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті жеке немесе бірлесе бастаудың қайсысы дұрыс?

2016 жылғы 24 Ақпан
9646 просмотров

Кәсіпкердің өз ісін ашуға ынтамен кірісу деңгейін талдау

 Кәсіпкердің өз ісін ұйымдастыруға ынтамен кірісу деңгейі, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Әлеуетті кәсіпкерлердің көбі болашақ бизнесін өзі басқаруды көздейді. Әлеуетті жеке кәсіпкерліктің айрықша жоғары деңгейі Қостанай және Маңғыстау облыстарында анықталған. Бұл көрсеткіштің анағұрлым төмен деңгейі Астана мен Алматы қалаларында байқалады. Республикалық маңызы бар қалалар, әсіресе, заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік ортаның драйверлері болып саналады. Осылайша ШОК-тың іріленген формаларын ұйымдастыру іс бастаушылар тарапынан қаржыландыру, ұйымдастырушылық мәселелері және т.б. бойынша біраз тер төгуді қажет етеді. Мұндай шығындар кәсіпкерлердің қауымдаса күш жұмсау әрекетін тудырады.

Әлеуетті кәсіпорынның басқару құрылымы, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Республикалық қалалардағы бірлесе басқару ниетіне тұрғындар көші-қоны да ықпал етеді. Бұл ретте жергілікті тұрғындар қажетті жылжымайтын мүлікке, белгілі бір таныс-тамыр тұрғысынан бірқатар басымдықтарға ие. Ал сырттан келушілер үшін бұл айтарлықтай қиындықтар тудырады.

Облыстардағы кооперацияға бірігу ниетін танытқан әлеуетті кәсіпкерлердің көбі екі немесе үш серіктеспен бірлесе жұмыс жасағысы келеді.

Орташа категориядағы компаниялар, Маңғыстау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, инновациялық өнім мен қызмет ұсыну бойынша көшбасшы-облыстардан біршама артта келеді.

 Өнім инновациялығы, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Болашақ кәсіпкерліктің орташа деңгейіне ие топтағы кәсіпкерлер нарықта бар қызметтер мен тауарлар  өндірісін жоспарлаған. Ал бұл, өз кезегінде, кәсіпорынды құру мен оны аяққа тұрғызу кезінде айтарлықтай қиындықтар әкеледі. Мәселен 10 кәсіпкердің 6-уы толығымен ұқсас тауар немесе қызмет түрін ұсынбақ. Мұндай нарықтағы жалғыз бәсеке баға саясатымен байланысты болмақ.

Бұл категорияға кіретін 100 кәсіпкердің 6-уы ғана бәсекелес компаниялардың жоғын айтқан. Ал кәсіпкерлік қызмет бойынша Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында жасалған жағдайлар жақсы екені байқалған.

 Нарық сегментіндегі бәсеке, %

Дереккөз: тұрғындардан алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Респонденттердің көбі тауар өндіру мен қызмет көрсетуге қажетті технологиялар 5 жыл бұрын қолжетімді болғанын айтады. Ал бұл инновация тұрғысынан тауарлар мен қызметтер бәсекесінің төмендігін көрсетеді. Сонымен бірге технологияларға қолжетімділік болашақ кәсіпкерлер үшін белгілі бір артықшылықтар береді.

Технологиялар мен процедуралар қолжетімділігі, %

Дереккөз: тұрғындардың алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Жүргізілген зерттеу бұл топтағы әлеуетті кәсіпкерлердің экспортқа бағдарлануы өте төмен екендігін көрсетіп отыр. Қазақстан экономикасының сығымдалуын есепке алсақ, жаңадан құрылған компаниялар үшін ішкі тұтыну нарығы белгілі бір  тәуекелдер тудырады. Тек 4 өңір ғана экспорт нарығына тауарлар мен қызметтерін экспорттамақшы. Олар: Алматы қаласы, Астана қаласы, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары.

Десек те жоғарыда аталған өңірлер өз өнімінің шағын ғана үлесін (10%-дан көп емес) экспорттауды көздейді, ал бұл тағы да кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануы төмен екенін көрсетеді. 

Бастаушы кәсіпкердің экспортқа бағдарлануы, %

Дереккөз: тұрғындардың алынған әлеуметтік сауалнама негізінде жасалған

Бизнес-бастама көрсеткіші орташа деңгейдегі өңірлер тобындағы респонденттер ішінде әлеуетті кәсіпкерлердің үштен бірінің жұмыс орны бар, бірақ олар өз ісін ашу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл жағдай кәсіпкерлік белсенділікті төмендетеді, себебі кәсіпкерлік қызметті тікелей ынталандырудың ықпалы жоқ.

Бұған қарағанда бизнес ашу кезіндегі іскерлік мүмкіндіктерді пайдаланудың жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында байқалған.

Зерттеуді ҚР Ұлттық экономика министрлігі тапсырысы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер