«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ішкі туризмге қойылған бәс

2016 жылғы 03 Ақпан
- Алматы қаласы
12260 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасының алаңында гид-эскурсоводтары үшін курс ұйымдастырылады

Ішкі туризмді дамыту үшін Алматыда жоғары білікті мамандар даярлау басталмақ. Тәжірибе көрсеткендей, бұл салада гид-жолсеріктер, экскурсоводтар, нұсқаушылардың қатты жетіспеушілігі байқалады. Бұл әсіресе өте жоғары туристік-рекреациялық әлеуеті бар Алматы қаласы үшін маңызды.

«Мұнда спорт туризмінің барлық түрін, мысалы: тауға шығу, жаяу жүру, шаңғы тебу, суға жүзу, велотуризм бәрін дамытуға болады. Соңғы жылдары экстрим-турларға: көпшілік альпинизм, биіктен шаңғымен түсу, әуе шарымен ұшуға сұраныс ерекше. Көлсай көлдері аумағы мен Қайыңды, Есік көлдерінде, Талғар шатқалында ауылдық туризм дамып келеді. Мұнда біз екі түйткілге тап болып отырмыз. Бұл тілдік кедергі: мысалы Ираннан бір топ адам келді десек, бізде парсы тілін меңгерген гид жоқ. Қытай, араб, испан  және басқа тілдерін алсақ та сол мәселе. Екінші түйткіл – туристік бағыттарда жүретін нұсқаушыларда міндетті кәсіби біліктілік жоқ. Қазіргі кезде бәрі энтузиазммен болып жатыр, негізі талап бойынша таулы жерлердегі жолсерік кем дегенде спорт шеберлері болуы керек» – деді Қазақстан туристік агенттігі қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, ішкі туризмді дамытуға бүгінде ерекше назар аударылып жатыр. «Ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен соң Қазақстанның орташа тұрғыны 400-500 мың теңге тұратын шетелдік демалыстарға барып қайтуы күмәнді. Ең дұрысы, Қазақстан бойынша ішкі турлар көбейту. Әрі шетелдік туристердің Алматыға ағылуы да статистика бойынша жыл санап өсіп келеді. Ішкі туризмді белсенді дамытатын кез жетті. Дағдарыстың өзі, қарама-қайшы түрде, осындай мүмкіндіктер беріп жатыр. Көзқарас тұрғысынан келгенде, кәсіби білікті мамандардың жетіспеу мәселесі барлық салада тұтасымен жағымсыз көрініс беріп жатыр. Сондықтан, біз туризм бойынша мамандардың біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыруға  Алматыдағы ӨКП ғимаратынан орын беруді ұйғардық», – деді Юрий Тілеумұратов.  

«Сондай-ақ, «Даму» Қоры ЭЖКТ код тізіміне туристік қызметті ұйымдастыруды енгізгенін қалаймыз. Біздің тұрақты әріптестеріміздің бірі, Түркиядағы қонақ үйлер жүйесінің иесі Алматыда сәнді қонақ үй құрылысын салуға қызығушылық білдіріп отыр. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, оның айтуынша, бизнеске қосымша кепілдік пен басымдылық бермек», – деді Әсел Нүркебаева.

Қымбатшылық себебінен Алматы облысынан Алматыға қарай оқушылар турын ұйымдастыру мүмкін еместігі, ұлттық бейнесі бар мейрамханалар мен қазақ халқының тарихын, мәдениетін көрсететін қойылымдар, билері мен әндері бар шоу-бағдарламаларының жоқтығы да осы салада осындай түйткілдердің бар екендігін көрсетеді. Алматы қаласында түнгі Шығыс базарының – көзешілер, тігіншілер, мүсіншілер, суретшілердің қолөнер бұйымдары, ұлттық кәде сыйлары бар бірыңғай базардың жоқтығы шетелдіктер тарапынан да айтылып келеді.

Туристік саланы дамыту мәселесі бойынша Алматы турагенттігі қауымдастығының көрсетілген ұсыныстары мен лебіздері тиісті меморгандар мен ведомстволарға, бизнес-қауымдастықтардың талқылауына ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер