«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кооператив пе, әлде ұжымдастыру ма?

2016 жылғы 26 Қаңтар
- Алматы қаласы
12521 просмотров

Сүт өндірушілер мен қайта өңдеушілер кооперация мүмкіндігін талқыға салды

Қазақстанның сүт өнеркәсібі нарығы аса көлемді базарды еске салады. Ондағы сатушылардың барлығы бытыраңқы әрекет етеді және әркім өзі қожайын болып алған. Саланы өркениетті ағымға қалай бағыттаймыз? Жалғыз басты фермерді қалай қолдауға болады, бастысы, халықты суррогат ұнтақпен емес, экологиялық таза өніммен қалай қамтамасыз етуге болады?

Алматы Кәсіпкерлер палатасында өткен сүт өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кооперацияны дамыту мәселесі жөніндегі Жұмыс жиналысында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығын қаржылай қоладу қоры, АӨК ЭҒЗИ және “Солнечный”, “Food Master”, “Амиран”, “Адал”, “Raimbek Group”, “Raimbek Agro”, “Данон Беркут”, “Ақсүт” ӘКК сүт компанияларының өкілдері осы мәселе төңірегінде сөз қозғады .

“Қазақстанның ЕАЭО, ДСҰ-ға кіруімен ойын ережелері түбегейлі өзгерді. Жағдай ай сайын өзгеруде. Әрі, оқиғалар ортасында болу үшін, кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап отыруымыз қажет. Сіздерге бұрын кооперативтер қызметі төрт заңмен реттемеленген болса, қазір бар-жоғы біреуімен ғана реттелетіні жайлы ақпарат бергім келеді. Бұл «Кооперация туралы» заң. Ауылшаруашылық министрлігінде аталмыш заңнама аясыда 10 бағыт бойынша жұмыс басталып кетті, және де оның біреуі сүтті қайта өңдеуге қатысты. Дәл осы сүт өнімін қайта өңдеушілер барлық сүт өндірушілерді біріктіретін байланыстырушы тізбекке айналуға тиіс”, - деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті Хатшылығының хатшысы Ербол Есенеев.

Сүт өндірісінің дамуы сүтті-тауарлы фермалар мен сервистік-дайындау орталықтарының кооперациясына негізделуге тиіс, деп санайды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев. Ол өз сөзінде «Кооперация туралы» заң аясында фермерлерге қандай көмек ұсынылатынын нақтылады. Мемлекеттік «Ырыс» бағдарламасының аясында 60 млн теңгеге дейінгі қарыз асыл тұқымды аналық ірі қара мал басын, қажет техника мен жабдықтарды сатып алуға, қарыз сомасынан 15 пайыздан аспайтын жалпы мөлшерде айналымдық капиталды толықтыруға жұмсалады. Қарыз мерзімі - 7 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, лизинг бойынша бастапқы жарна – лизинг заты құнынан кем дегенде 15%.

“2020 жылға қарай ҚР-да 666 сүтті-тауарлы ферма қаржыландырылуға тиіс, оның ішінде шамамен 100-ге жуығы Алматы облысына тиесілі. Мәселе шамамен алғанда 60 млн теңге мөлшеріндегі қарызды алу үшін 85,7 млн теңге сомасына кепілдік мүлік ұсыну талап етілетіндігінде болып отыр. Мұндай соманы, мәселен, 10 фермердің бірігіп жинауына болады (әрқайсысынан 8,6 млн теңгеден). Оның есесіне, қауымдасып алып, бірге ЖЖМ сатып алу, азық дайындау арзанырақ болады, ветеринарлық бақылауды ұйымдастыру арзанға түседі. Нарық қағидаты – көтерме бағамен алсаң, қашан да арзанырақ болмақ. СҚО-да кооперативке жақсы мысал болатын оқиға орын алған еді. Онда кооператив астықты еуропалық биржада тікелей сатады: өзіндік құны да төмен боп шығып, табыс та жоғары болды”, - деді Нармұхан Сарыбаев.

Мемлекеттік бағдарлама іс жүзінде өлместің күнін көріп жүрген шаруалар үшін құтқарушы бола ала ма, деп ойланып қалды “Ақ сүт” ӘКК басшысы Нелли Салихова. Бизнесвумен сүт өндірумен және оны қайта өңдеумен бірінші жыл айналысып отырған жоқ. Май, ірімшік, сүзбе және басқа да көптеген сүт өнімдерін өндіріп, Алматының сауда орталықтарына жеткізеді. Қалалықтар, бағасы жоғары болса да, оның тауарын табиғилығы үшін бағалайды. «Ақ сүт» өндіретін сүттің 1 литрінің өзіндік құны 250 теңгені құрайды.

“Шаруашылық кооперативтерін құру ісінде алғашқы қарлығаштармыз десек те боалды. Әрі бұл процестің қалай жүргенін білесіз бе? Мемлекеттік қолдау бағдарламасын жариялағаннан кейін кооперативке біріккісі келгендер 50 адам болып бас қостық, жарғыны талқылау жөніндегі екінші жиналысқа 16 адам келді, ал үшінші жиналыста қол қоюға үшеуіміз ғана қалыппыз. Көпшілігінің тіпті сиыры да жоқ екені анықталды! Қандай кооперация жайлы айтуға болады? Бүгінде сүт өндірушілер – бұл жеке қосалқы шаруашылықтар, олар Алматы базарларында дербес сауда жасауды артық көреді. Оларға сүтті сүт компанияларына тиынға тапсыру тиімді емес, ал кооперативке бірігуге қаражаттары жетіспейді. Ал сіздер кооперативті қаржыландыру үшін 100 бас ірі қара мал болуы керек деп жазыпсыздар. Неліктен 20 емес? Қазір кімде мұндай мүмкіндік бар? Осы кезекті мемлекеттік бағдарламаны дайындауда авторлардың ауылдарға баруын, шалғай өңірлерді аралап,оның нақты өмірін зерттеуін ұсынамын. Әйтпесе халық аталмыш бағдарламаны тірнектеп жинаған мүлкін тәуекелге тігіп, біріктіруге мәжбүрлейтін ұжымдастыру сияқты қабылдайды. Фермерлер бүгінгі таңда ондай қадамға бармайды”, - деп бөлісті Нелли Салихова.

Бағымызға қарай, мемлекеттік бағдарлама шарттары әлі талқылау сатысында жатыр. Дайындаушылар әрбір пікір мен дәйекке құлақ асатындықтарына сендіреді, ал мұндай кездесулер тиімділікті арттыру үшін және саланың ілгерілемелі дамуы үшін құжатты жетілдіруге мүмкіндік береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер