«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тамақ өнеркәсібі бюрократияға қарсы

2015 жылғы 27 Қазан
- Алматы қаласы
10030 просмотров

Қазақстанның тамақ саласы кәсіпорындары бір-бірін қайталайтын сапа сертификаттарынан шығын шегуде

Сүт, балық және ет өнімдерін өндіретін тамақ кәсіпорындарының мал дәрігерлері Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына ветеринарлық құжаттарға қойлатын жаңа талаптарды енгізу мәселесі бойынша жүгінді. ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің үстіміздегі жылдың 7 қазанында күшіне енген 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 Бұйырығымен өнім туралы деректер, оны өндірген күн, тасымалдау шарттарды және т.б. көрсетілетін ветеринарлық анықтаманың формасы белгіленді. Алайда осы ақпараттың барлығы онсыз да әрбір өнім топтамасының ілеспе құжаттарында берілген: сәйкестік туралы декларацияда, жүкқұжат пен көлік жөнелтпе құжатында.

Кәсіпкердің ветеринарлық анықтамалардың жасалуына ақы төлеуі қажет екенін айта кету керек. Ал бланкілерге мөр қою алты қорғаныш дәрежесі бар қағазға жасалуға тиіс. Осыған орай бизнес өнім құнын арттырмайтын, бірақ оның шығындық бөлігін көбейтетін қосымша жүктемеге ие болып отыр.

«Күніне қосымша шамамен 150 анықтама жазып беруімізге тура келеді, яғни айына үш мыңнан астам. Егер әрбір анықтаманы аз дегенде 20 теңгеге көбейтетін болсақ (ал соңғы бланкілерді 23 теңгеден сатып алдық), ай сайын 60 мың теңге, жылына 720 мың теңге шығады. Осы шығынның бәрі, әрине, өніміміздің өзіндік құнына қосылады», - деп хабарлады «Беккер и К» ЖШС ветеринарлық зертханасының басшысы Зәуре Нұрғалиева. «Аталмыш жаңа енгізілімнің мақсатқа лайықтылығы әлі күнге дейін түсініксіз. Бұл ақша мен уақытты құрту. Құжат мазмұны жөнінен зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша жеке атаулы мөрмен куәландырып күн сайын беретін сапа сертификатын қайталайды», - деп атады ол.

«Ветеринарлық анықтамалардың болуы тек өнім қала сыртына тасымалданғанда ғана негізді деп санаймыз. «Беккермен» арадағы жағдайда, мысалы, бір нүктеге күніне 3-4 рет үстеме тапсырыс беру жиі кездеседі. Және де әрбір жағдайда, Ережеге сәйкес, зертхана қызметкерінің жеке мөрі соғылған ветеринарлық анықтама ұсыну талап етіледі. Шын мәнісінде, бұл бару жолына арналған анықтама. Сонда логистика қала ішінде жасалатын болса, оны берудің не мәні бар?», - деп жалғады сөзін Алматы ӨКП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің басшысы Бекежан Күнтаев. 

Алматы қаласы КП директорының орынбасары Қайрат Құдайберген қоғамдық тыңдаулар қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге аталмыш норманың күшін жою жөнінде ұжымдық өтініш (негіздеме хат) дайындауға, не болмаса ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Бұйрығына түзетулер енгізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер