«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда энергетика саласындағы негізгі трендтер таныстырылуда

2015 жылғы 27 Қазан
- Алматы қаласы
11519 просмотров

Энергетиктер тәжірибе алмасу үшін кездесіп, Алматы ӨКП сервистік қолдауына ие болады

27-29 қазан аралығында Алматы электр және жылу энергетикасы, энергия үнемдеу және жарықтандыру саласындағы Қазақстан және шетелдік мамандардың басын тағы бір қоспақшы.

Жыл сайынғы Power Kazakhstan, Lighting Kazakhstan және ReEnergy Kazakshatan салалық көрмелері дәстүрлі түрде қуатты кәсіптік алаң болып табылады және электр, жарық техникалық өнімдерді өндірушілер мен әлеуетті тұтынушылар арасында мұхбат орнатады. Қаладағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы – ұйымдастырушылардың бірі. Аталмыш оқиға ұсынылған технологиялық компаниялар аясында ғана емес, Өңірлік палатаның әрбір қатысушыға сервистік қолдау көрсетуімен де маңызды болмақ.

Халықаралық үш көрме - «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» - Power Kazakhstan; «Жарықтандыру, Жарық техникасы және Жарықдиодты технологиялар» - Lighting Kazakhstan және «Энергияның қайта қалпына келетін көздері, Энергия үнемдеу, Энергия тиімділігі және Ресурс үнемдеу» - ReEnergy Kazakhstan қазақстандық мамандар үшін ең соңғы жабдықтар, технологиялар мен қызметтерді ұсынады.

Көрмелерге ғылыми, жобалау, құрылыс және пайдалану ұйымдары; қазақстандық және шетелдік жабдықтар, конструкциялар мен материалдар өндірушілер; қызмет көрсетуші компаниядар; технологияларды дайындаушылар және энергетика, жарық техникасы салаларында еңбектенуші басқа да компаниялар қатысады.

Биылғы жылы біріктірілген көрме экпозициясына әлемнің 20 елінен 180-нен астам компания қатысады. Ұлттық топтарды Германия, Чехия, Қытай және Иран ұсынады. Қазақстандық және ресейлік компаниялар қатысушылар саны жөнінен дәстүрлі түрде көшбасшы орында.

Power Kazakhstan – Орталық Азиядағы электр және жылу энергетикасы секторына арналған жабдықтар мен технологиялар саласындағы ең көрнекі көрме. Power Kazakhstan көрмесіне корейлік Hyundai Heavy Industries компаниясы, Түркия компаниясы Ulusoy Elektrik Imalat Taahhut ve Ticaret A.S. және AKSA Jenerator, Үндістаннан келген AXIS Electrical Components (I) Pvt. Ltd. және ирандық Saba Battery және Sime Tavan Boared Golestan компаниялары алғаш рет қатысып отыр. Қатысушылар қатарында «Alageum Electric» АҚ, «Electric Light» ЖШС, General Electric, «Nwcomp Solar» ЖШС, «Феникс Контакт Қазақстан» ЖШС, Riello UPS, «Белоярский Мачтопропиточный Завод» ААҚ, «Силовые Машины» ААҚ, «ЮМЭК-Групп» ЖШҚ, «ЮИК» ЖШҚ және басқа да компаниялар аталып отыр.

Новгородтық шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Чуваш Республикасындағы экспортқа бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды үйлестіру орталығы өз стенділерінде бірқатар ресейлік кәсіпорындарды ұсынады. Power Kazakhstan көрмесінің экспозициясы қазақстандық мамандарды ең соңғы зерттемелер мен технологиялармен таныстырады, және де жемісті іскерлік қатынасқа сеп болары сөзсіз.

Lighting Kazakhstan көрмесінің экспозициясы техникалық, сәндік және ландшафт жарықтандыруын; түрлі салалардағы өнеркәсіптік нысандарды жарықтандыруды; жарық көздерін, дизайн қызметтері мен жарық техникалық жобалауды, сонымен қатар LED технологияларды, жарық техникалық өнімді өндіруге арналған құрамдастар мен материалдарды ұсынады.

Қазірде Қазақстанда жарық техникасы нарығының белсенді өзгеруі жүріп жатыр. Елде жарық техникалық өнімдерді өндіруде және жеткізуде бәсекелестік орта қалыптаспаған, отандық өндірушілер жоқтың қасы. Дегенмен Қазақстандағы энергия үнемдеу әлеуеті мамандар бағалауынша энергия тұтынудың жалпы деңгейінен 30% құрайды. Энергия үнемдеуші жарық техникалық өнім қазақстандық сатып алушылар үшін басты тақырып болып отыр. Ең көп тұтынушылар арасында – тұрғын үйлер, әкімшілік және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ өнеркәсіп.

Lighting Kazakhstan көрмесіне қатысушылар қатарында Қазақстан, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қытая, Чехия және Германия компаниялары бар. 

Германиядан келген Lights 4 Europe GmbH & Co. KG компаниясы қоршаған ортаға сөзсіз жағымды әсерін тигізетін әрі табыстың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жарық диодты сәулеленудің заманауи технологияларын қолданатын өнеркәсіптік жарықтандыру жүйелеріне маманданған. Аталмыш компания жабдықтарын көбірек қолданатын салалар – сауда және коммерциялық алаңдар, өндірістік залдар мен кәсіпорындар, ашық өнеркәсіп аймақтары.

«Сомон Energy» Ғылыми-өндірістік инновациялық компаниясы Тәжікстандағы Клеон таңбалы люминесценттік шағын шамдарды, сонымен қатар жарық технологияларды (LED) өндіретін алғашқы кәсіпорын болып табылады. Энергия үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік саласында, яғни жарықтандырудағы заманауи инновациялық, энергия тиімді, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және электр энергиясының балама көздерін қолдану бойынша  жұмыс жасап, жетілуде. Айына «Сомон» сауда таңбасымен белгілі 130-150 мыңға жуық энергия үнемдейтін шам өндіріледі.

Қытайлық Hangzhou Liangliang Electronic Lighting Co., Ltd компаниясы – шамдар өндіру және сату саласындағы көшбасшы. Күндізгі өндірістік қуат күніне 70000 энергия үнемдейтін шамды құрайды, жылына 150 миллионға жуық шам шығарылуы мүмкін. Компания түрлі энергия үнемдейтін шамдар, электронды балласт, түнгі жарықтандыру шамдарын, LED шамдар және т.б. өндіреді. Компания Қытайдағы 30 ірі энергия үнемдеу шамдарын өндіруші құрамына кіреді.

«Украина жарық техникалық компаниясы» ЖШҚ үйге арналған, коммерциялық, өнеркәсіптік, көше, ландшафттық және сәулеткерлік жарықтандыру сияқты шамдалдардың кең сұрыпталымын ұсынады. Компния аталмыш кезеңде бірегей техникалық-экономикалық сипаттамаларға ие Эклектика пластикалық шамдалдарының үлгілік қатарын топтамамен шығаруға кірісті.«Украина жарық техникалық компаниясы» Ecostrum таңбасымен ұсынылатын тауарлар сұрыпталымын кеңейтуге аса үлкен маңыз береді.

Энергия үнемдеу және шаруашылықтың барлық салаларындағы энергия тиімділігін көтеру қазірде Қазақстан Үкіметінің басым міндеті болып табылады. Ол энергетикалық, экологиялық және экономикалық түйткілдер кешенін шешуге мүмкіндік береді.

Аталмыш міндеттерді орындау үшін арнайы заңнама және «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы қабылданды. Ол көптеген бағыттар бойынша шаралар кешені болып табылады. Сонымен бірге энергия тиімді өнеркәсіпте де. Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын кем дегенде 20 пайызға төмендету міндетін алға қойған болатын.

Жыл өткен сайын ReEnergy Kazakhstan көрмесінің экспозициясы тұрақты өсуді көрсетіп келеді, себебі энергия үнемдеу және энергия тиімділігі қазіргі замандағы әлемдегі энергетика саласындағы негізгі тренд болып табылады. 15-тен астам компания энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін (ЭҚК) қолдану, сондай-ақ энергия мен ресурстарды сақтау саласындағы технологиялар мен зерттемелерді ұсынады.

Алмандық Green Energy 3000 Gmbh компаниясы жел және күн энергиясы жобаларын жоспарлау, дайындау және салу саласында маманданған. Қытайлық NR Electric Co.,Ltd. кәсіпорны тиімділікті, сенімділікті, энергиялық және экологиялық қауіпсіздікті көтеру үшін FACTS және HVDC қайта жаңғыртылатын энергия көздерін қорғауды, автоматтандыруды және басқарудағы (РАС) қызмет ету, кешенді шешімдер мен өнімді ұсынады. Компания өнімін және шешімдерді әлемнің 80-нен астам еліне жеткізеді.

Көрме жұмыс жасаған күндері қатысушы компаниялар презентациялары мен семинарлар ұйымдастырылады. Кең көлемді іскерлік бағдарламасы мамандарды өнеркәсіптің түрлі салалары үшін соңғы жабдықпен және технологиялармен таныстырады.

Көрмелер Энергия министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан Республикасы Инженер-энергетиктер одағы», «Қазақстанның Электроэнергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы» ЗТБ және қатысушы елдер дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен және белсенді ат салысуымен өтіп жатыр.

Конференция бөлмесінің серіктесі SHARP компаниясы.

Біршама егжей-тегжейлі ақпарат, қатысу нұсқалары және демеушілік мүмкіндіктер www.powerexpo.kz сайтында қолжетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер