«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа кәсіпкерлерді күтеміз

2015 жылғы 21 Қыркүйек
- Алматы қаласы
10161 просмотров

Алматыда жастар кәсіпкерліктің қыр-сырына, менеджментке, мансап жолын жоспарлауға және басқа да көптеген дүниелерге тегін үйренудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Қаланың Кәсіпкерлер палатасы Британ Кеңесі және «Шеврон» компаниясымен бірге «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында, Халықаралық бизнес университеті (UIB) мен  Алматы халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің базасында қалада бірнеше Жас кәсіпкерлер мектептерін ашты.

Жақында үш колледжде жаңа мектептердің презентациясы өтті: халықаралық бизнес академиясы, туризм және қонақжайлылық, техникалық-экономикалық. Британ кеңесі өкілі, «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының тренері Гүлнар Бекенованың айтуынша, шамамен 900 студент ХБА-ға презентацияға келді, ал оның ішінен тек 20 адамды ғана таңдауға болады. 

“Тілек білдірушілер көп, сондықтан да іріктеу өте қатаң. Қазан айында Халықаралық бизнес академиясының студенттерін қабылдауды жоспарлап отырмыз. Байқау сауалнама алу арқылы өтеді. Үміткердің уәждемесіне, өткен тәжірибесіне және өмірлік бағдарлары мен мақсаттарына назар аударамыз”, - деп хабарлады Гүлнар Бекенова.

Ол жас кәсіпкерлер міндеті – жастардың қандай да бір әлеуметтік акцияны немесе жобаны жүзеге асыру үшін, оларды шағын топтарға біріктіру екенін атап өтті. Жеңімпаздар командасы гран-приға ие болады.

“Өткен жылы Лондонға жастар конференциясына сапар болды. Ал оған дейін Стамбұлға барып-қайттық. Қазір де осындай халықаралық конференцияны жоспарлаудамыз. Бірақ әзірше құпияда ұстап отырмыз”, - деп жалғады сөзін Британ Кеңесінің өкілі.

Әрбір оқу орнының базасында үш апта бойында бір уақытта 20 адамнан оқытылатын болады. Сабақтар аптасына үш рет, 2 сағаттан өтеді.

Жас кәсіпкерлер мектебінде студенттер бизнес-жоспарлау, жобалық менеджмент, мансап жолын жоспарлауды оқып-зерттейді. Өмірлік дағдыларға үйренеді (фандрайзинг, көшбасылық, презентация дағдылары, командалық жұмыс, еріктілер жұмысы, тиімді қарым-қатынас).

Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин атап өткендей, жастар Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасынан сервистік қолдау алады. Сонымен қатар, басқа бизнес-мектептер тәжірибесіне қарағанда мұнда оқыту тегін жүреді, және де бизнес-жоба презентациясымен аяқталады. Олардың қорытындысы бойынша үздік оқушылар айқындалады.

“Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы іріктеліп алынған бизнес-жобаларды сүйемелдеп, қолдау көрсетеді, ЖШС немесе ЖК ашуға көмек көрсетеді, жалпы құжаттар жүргізу жөнінен консультация береді және т.б. қыркүйек айында ХБА колледжі, Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі, туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжінің базасында үш Жас кәсіпкерлер мектебі ашылды. Қазан айында тағы осындай үш мектептің ашылуы жоспарланып отыр. Жоба бойында 160 адамды бітірту жоспарда бар”, - деп атады Вера Цзин.

Ұйымдастырушылардың ойластыруынша, жоба жастардың қажет білім алып, оны дамытып, кәсіпкер атануына көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер