«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге арналған инвестициялық алаң

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
12190 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасына кездесуге шақырылған банктер мен қаржы институттары бірден бірнеше инвестициялық жобаға қызығушылық танытты.

Бизнесмендердің өз жобаларын тікелей банк қоғамдастығы өкілдеріне, банктер мен қаржы институттары директорларының қатысуымен  таныстыра алатын алаңды ұйымдастыру – ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бастамалаған жаңа тәжірибе. Дегенмен Палата жобаны жүзеге асыруға мүдделі тараптарды алғаш жинап отырған жоқ. Бұл кездесу ерекше маңыздылыққа ие болды.

«Бүгінде, банктер инвестицияларды кімге сеніп тапсырарын білмей отырған экономикада орын алған қиын жағдайда, Палата банктің салмақты серіктесі бола алатын тәжірибелі кәсіпкерлердің табысты жобаларын іріктеп ала отырып, белгілі бір жауапкершілікті мойнына алып отыр, - деп атады ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Қабыштаев. – Біз жобаларды банкирлерге ұсынып, таныстырамыз, ал олар кредиттік қоржындарын ұлғайтады».

Машина жасау, тоқыма және азық-түлік өнімдері саласындағы жобалар ерекше қызығушылық тудырды.

«Саяхат Сервис Юг» ЖШС қайталама шикізаттан,сонымен бірге пластикалық бөтелкелерден синтепон өндіріп, оны «Гауһар», «Томирис», «Сәуле», «Ютекс» сияқты жергілікті ірі тігін кәсіпорындарына өткізеді. Олар синтепонды арнайы киімдер мен төсек жабдықтарына жылытқыш ретінде қолданады. Компания бұдан әрі дамып, салық төлеп, жаңа жұмыс орындарын аша бермекші. Мәселе өндірісті кеңейтіп, ол үшін 270 миллион теңге қаржыландыру тартуда болып отыр. Кәсіпорын аяғынан нық тұр және салмақты қарызгер беделіне ие.

Келесі жоба – балалар ойыншығын өндіретін Байтемірова ЖК – банкирлерді бірнеше жыл бұрын кәсіпкердің жұмысын өндіруден емес, Қытайдан алып келген ойыншықтардың көтерме саудасынан бастауымен қаратты. Сондықтан да кәсіпкер нарықты жақсы біледі, сату қолынан келеді, ОҚО және Алматы көтерме сатып алушылары тұлғасындағы жақсы жөнге салынған арналарға ие. Жеке кәсіпкерлікте термопласт-автоматтардың бірнеше желісі бар. Олардың көмегімен ойыншықтар жасалады. Сұралып отырған кредит сомасы - 38 млн. теңге. Бірнеше банктің директорлары кәсіпкерді жобаны біршама егжей-тегжейлі талқылауға шақырды.

Каssa Nova банкіне «Заңғар» ЖК оңтүстік өңірлерден Ресейге көкөніс тасымалдауға арналған жүк автотехникасын сатып алу жөніндегі жобасы ұнап қалды. Айтпақшы, бұл банк басқа банктер кері қайтарған жобаларды бірнеше мәрте қолдап, табыспен жүзеге асырған еді. 

Бу генераторлары мен өнеркәсіптік қазандар өндіретін, травертин өндіру және қайта өңдеу жөніндегі, қайталама шикізаттан мозаикалық шыны шығаратын зауыт құрылысы бойынша инвестициялық жобалар да банкирлер мен қаржыгерлер арасында қызығушылық тудырды.

Кәсіпкерлер палатасында таныстырылған 12 инвестициялық жоба ішінен төртеуі кредит алу үшін банктерде қаралатын болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Өз қолымызбен
4 Қыркүйек
2015
Жамбыл облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер