«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ни хао!»

2015 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
10316 просмотров

Алматы қытайша сөлейтін болды

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдастарының бірі сауда-экономикалық қатынастар болып табылады. Онда Синьцзян-Ұйғыр автономиялық округі (СҰАО) айтарлықтай роль ойнайды. Оның үлесіне Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасы арасындағы тауар айналымының 75%-дан астамы тиесілі.

Алматы Кәсіпкерлер палатасында қала бизнесмендерінің автономдық округтен келген қытай делегациясымен кездесуі өтті. Делегация құрамында ҚХР ірі ауылшаруашылық компанияларының бірінші басшылары, СҰАО Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті мен автономды округ басшысының орынбасары болды. Тараптар елдер арасындағы сауда-инвестициялық байланыстардың нығаюына мүдделілік танытты.

«Біз іскерлік байланыстар орнатып, Қазақстан Республикасының аумағында, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақшымыз», - деп атады СҰАО Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.

Қазақстандық тарапты келіссөздерде танытқан Алматылық кәсіпкерлер қауымдастығы президенті, Алматы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Виктор Ямбаев ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті компаниялармен байланыс орнату бойынша бірқатар ұсыныстар мен кеңестер берді.

Осы жылдың алғашқы екі айы бойында Қазақстанның бұрынғыша Синьцзянның негізгі сауда серіктесі болып қалғанын атап өту керек. Алайда екі жақты сауданың көлемі кенет 843 млн долларды құрап,  35% төмендеген.

Үрімші қаласы кеденінің статистикалық деректеріне сәйкес, 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларында СҰАО импорты мен экспортының жалпы көлемі 2,139 млрд доллар құраған. Экспорт 1,875 млрд долларға жеткен, яғни былтырғы жылдың сәйкес көрсеткішіне қарсы 37,5% төмендеген, импорт - 264 млн доллар (26,6% қысқарған).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер