Нағыз алматылықтар, рахмет сіздерге!
Алматының Наурызбай ауданында тасқын орын алғанда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының зардап шеккендерге көмек көрсетуге үндеуін алғаш боп қолдаған қаладағы бір топ рестораторлар болатын.
«Тамақпен кәсіби түрде айналысатын және тамақ жасай алатын біз болмасақ, басқа кім көмектеседі?» -деген еді кәсіпкерлер. Дегенмен өздерінің де шаруалары жетіп жатқан болатын. Олар сол жерге барды. Тамақтандырды. Дағдарысқа, бақылау-қадағалау органдарының тексерістеріне қарамастан, күні-түні тегін түрде тасқыннан зардап шеккендер мен үйінділерді тазартудан қолы тимей жүрген құтқарушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Алматының Кәсіпкерлер палатасы, президенті Нұрсадық Әбішев бастаған Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы және «Атамекен» ҚР ҰКП сауда комитеті хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева кәсіпкерлерді тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетудегі белсенді және жемісті еңбектері үшін грамоталармен марапаттады.
«Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз бен патриоттық сезімдеріңізді жоғары бағалаймыз. Кез-келген уақытта бізден көмек сұрап келулеріңізге болады. Сіздерге үлкен алғыс айтамыз!», - деп алғысын білдірді рестораторларға Жібек Әжібаева.
Құтқарушыларды және зардап шеккендерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуші мейрамханалар, дәмханалар және компаниялар тізбесі
Пікір қалдыру:
Пікірлер: