«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Шығыстағы әрекеттестік жолы айрықша маңызды болады»

2015 жылғы 19 Маусым
11002 просмотров

Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында «Жаһандық әлемдегі ЕАЭО» ашық сессиясы өтті

ЕЭК Алқа басшысы Виктор Христенко пікірталасты аша отырып, әлемдік экономиканың қалыптасып келе жатқан трендтеріне деген өз көзқарасын жеткізді: «Жаһандану дағдарысы әлемнің түрлі нүктелерінде өңірлену процестерінің қарқынмен жеделдеуіне түрткі болды. Әлемнің жалпы келбеті өңірлік интеграциялық топтар әрекеттестігінде қалыптасатынына өз басым сенімдімін. Оның үстіне түрлі негіздерде ұйымдасқан. Еуразиялық экономикалық одақ сияқты аумақтық белгісі бойынша болуы міндетті емес. Не болмаса, мәселен, БРИКС сияқты. Ал осындай түрде қалыптасып келе жатқан жаңа жаһандық сәулеттің тиімділігі осы топтардың ішкі тиімділігіне және олардың өзара коммуникациясы мен әрекеттестігіне байланысты болады».

Әлемде, ең алдымен, экономикалық өсу нүктелерінің жаһандық қайта бөлінісімен байланысты орын алып жатқан өзгерістердің объективтілігін атай отырып, ЕЭК Алқасының Төрағасы ЕАЭО үшін азиялық серіктестердің маңыздылығын баса көрсетті. Ол «әрекеттестіктің шығыстағы жолының ерекше маңызды болатынын» атады және «Одақ Азия-Тынық мұхит өңіріндегі келешегі бар серіктестермен әрекеттестік форматын құрайтынын» қоса айта кетті.  

«Жақында ғана өнегелік құжат – ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер және Вьетнаммен арада Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды. Бұл ЕАЭО-ның Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында жайғасуы үшін жаңа мүмкіндіктер, ал Вьетнам үшін – ТМД нарығындағы жаңа мүмкіндіктер. Алайда біз үшін Одақтың пұрсатты келісімдер жүйесінде Одақтың жаһандық жайғастырылуы жолындағы кезекті қадам болып та табылады», - деп мәлімдеді Виктор Христенко. «Жаһандық әлемдегі ЕАЭО» сессиясының модераторы сонымен бірге Одақ мәнмәтініндегі шығыс жолын дамыту туралы айта келіп, Азия мен Тынық мұхиты алабын ғана емес, Латын Америкасы елдерін де меңзеп отырғанын қосты.

Ол сонымен бірге Еуропалық одақтың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің дәстүрлі әрі сауда-экономикалық серіктесі екенін баса айтты. Виктор Христенко сессия барысында Еуропалық одақты «ЕАЭО-мен саудадағы бақылау пакетін ұстаушы» деп атады. Сондықтан да, оның айтуынша, бүгінгі шынайы өмірдің өзінде Одақ осы ұзақ мерзімдік қатынастардан бас тартуды мүмкін деп санамайды.

Виктор Христенко сессияға қорытынды жасай отырып, ұстанымдарын жеткізгендері үшін әріптестеріне алғыс айтты, аталмыш пікірлердің еуразиялық экономикалық интеграция процестерін серіктестердің қабылдауына баға беру үшін маңыздылығын атады, сонымен қатар орын алған пікірталастың интеграцияның ілгеріде даму бағыттарының қайсысы тиімдірек болатынын түсінуге көмек болатынын атады.

«Жаһандық әлемдегі ЕАЭО» ашық сессиясына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мүше мемлекеттер өкілдері, атап айтқанда, Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Антон Кудасов, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Алексей Лихачев, Армения Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тигран Саркисян қатысты. ЕЭК ұстанымын сонымен қатар интеграцияның негізгі бағыттары мен макроэкономика бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Татьяна Валовая танытты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ЕАЭО мүше мемлекеттер өкілдері қатысты: Вьетнам Социалистік Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Нгуем Кам Ту мен Үндістан Республикасының Өнеркәсіп және сауда мемлекеттік министрі Нирмала Ситхараман қатысты. Ашық пікірталаста халықаралық бизнес-қоғамдастық ұстанымын Шығыс Еуропамен Экономикалық байланыстар жөніндегі комитет төрағасы Экхард Кордес, Америкалық-ресейлік іскерлік кеңес президенті, бас атқарушы директоры Дэниел Расселл, E.ON Global Commodities SE мәскеулік өкілдігінің басшысы, Еуропалық бизнес қауымдастығы құрметті кеңесінің төрағасы Райнер Хартманн танытты. Әлемдік қоғамдастықтың экономикалық процестерге деген көзқарасын Біріккен ұлттар ұйымы Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер