«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Адемдіктерге» қолдан келгенше көмектесеміз!

2015 жылғы 15 Мамыр
- Алматы қаласы
18541 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы жедел штабының өкілдері «Адем» сауда орталығы жалгерлерімен кездесті.

Кәсіпкерлер өз түйткілдерімен бөлісіп, ерекше толғандыратын мәселелерін ортаға салды. Алматы Кәсіпкерлер палатасы Жетісу аудандық филиалының директоры Жанат Естаев оларға құлақ қойып, штаб жүргізетін жұмыс жайлы, «адемдіктер» пайдалана алатын ресусртар жайлы айтып берді.

«Біз күн сайын келіссөздер мен консультацяилар жүргіземіз. Штаб демалыссыз жұмыс жасайды. Палата есігі сіздер үшін әрдайым ашық! Жалгерлер  мәселелерін шешу үшін үздік мамандар тартылды», - деді ол сауда орталығының зардап шеккен жалгерлеріне. – «Алматы Кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша Іс-қимыл жоспарын дайындады. Мәселен, онда тегін консультациялық көмек, екінші деңгейлі банктермен жұмыс көзделген. Кәсіпкерлер өз бизнесін қалпына келтіру үшін, банктердің төмен пайыздық мөлшерлемеде мақсаттық қаражат бөлуін, төлемдер мерзімін созуын және кредиттерін қайта құрылымдандыруын сұрауына болады. Банктердегі өсімпұлдар мен уақыты өтіп кеткен төлемдерді шығынға жазу мүмкіндігін де неге қарастырмасқа?».

Палата «Адем» сауда орталығының кәсіпкерлеріне тәжірибелік көмек көрсету бойынша меморандумдар даярлап қойды. Аталмыш меморандумдарды жақын күндері бірқатар мемлекеттік органдармен жасасу жоспарлануда: Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, мемлекеттік табыс департаментімен, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК және «Алматы XXI ғасыр» ЖШС-мен (СО Әкімшілігі).

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері жалгерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда және жеке өтініштер қабылдап жатыр.

 Палатадан көмек пен қолдау сұрап 470 кәсіпкер жүгінді. Олардың барлығы дерлік материалдық шығынның орнын толтыруда жәрдем көрсетуді сұрауда. 100 кәсіпкердің залал сомасының өзі 84 млн теңгеден асып отыр. Әрбір үшінші бизнесмен өзінің жұмыс орнын қалпына келтіруге көмек көрсетуді сұрайды. Өтініштердің басым көпшілігі қарызды қайта құрылымдандыруды және кредит бойынша төлемдер мерзімін ұзартуды қалайды. Зардап шеккендердің 10 пайыздан астамы жалдау үшін жасалған алдын ала төлемін қайтаруды сұраса, осыншасы «Адем» сауда орталығы әкімшілігіне қатысты талап-арыз жазуға жәрдемдесуді өтінді. Келесі 5% өз жеке кәсіпкерліктерін жаппақшы, және де осыған көмек көрсетілуін қалайды.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер