«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Алматы сияқты мегаполис үшін индустриялық жобаларды көбейту қажет

2015 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
11455 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін Алматыда осындай мәлімдеме жасады. ҰКП басшылығы кәсіпкерлермен агломерация және индустриялық жобаларды дамытуды талқылады.

«Алматыдағы Өңірлік индустрияландыру картасы бар-жоғы 11 млрд. теңгені құрайды. Әрине, мұндай мегаполис үшін бұл мүлдем жеткіліксіз. Алматыда қандай жобаларды жүзеге асыру қажет екенін бірге ойластырайық. Ол үшін қажет дүниелерді, ифрақұрылым жағын, әкімдік жағынан болатын әрекет түрін шешейік. Даму институттары тарапынан қандай әрекет қажет. Міне, осы мәселелерді жұмыс деңгейінде талқылайық. Алматы қаласы әкімімен және Алматы облысының әкімімен осы мәселелерді талқылауға келістік. Себебі мұнда аса зор синергия бар: Алматы облысында 2 миллион, Алматыда ресми түрде – 1.5 миллион адам тұрып жатыр. Бұл өте үлкен агломерация. Ең құрығанда, азық-түлік тауарларына, тамақ өнеркәсібіне қатыстыны дамытуға болады», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Ол жиналыс кезінде мегаполис бизнесмендерін мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс жүргізуге шақырды. Индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығын жүзеге асырудың табыстылығы дәл осыған байланысты, - деп есептейді ҰКП Төралқа Төрағасы.

Индустриялық бағдарламаның бірінші бесжылдығы кезінде Алматыда жалпы құны 531 млрд теңге болатын 21 жоба іске қосылып үлгерді. Аталмыш Карта жобалары инвестицияларының жалпы көлемінен 30%-ға жуығы өңдеу секторы салаларына және қайта өңдеуге бағытталған, қалған 70% - көлік, энергетикалық сала, инфрақұрылым, туризм және спортты дамытуға. Алматыда екінші бесжылдықта 11 млрд теңге сомасына 5 жоба ұсынылады. Және де бүгін Тимур Құлыбаев мәлімдегендей, қосымша қаражат қажет. Және де ол шетелдік инвесторлардан болғаны дұрыс.

«Алматы – кәсіпкерлер қаласы, мұнда барлық белсенді бизнес бірлестіктерінің үштен бірі шоғырланған және барлық қаржы институттары орналасқан. Қалада экономиканың барлық дерлік салаларында қызмет жасайтын 200 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар, оның ішінде 80%  – шағын бизнес», - деп мәлімдеді отырыс үстінде Тимур Құлыбаев.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен дәл осы Алматы миллионер қалалар үштігіне кірді. Енді оның базасында агломерация құрылмақшы. Алматы агломерациясы сауда-логистикалық және қаржы орталығы, «Алатау» ИТП және ірі университеттер базасындағы инновациялық кластер, Орталық Азияның күллі өңірі бойынша туризм орталығы ретінде дамитын болады.

Қала инвестиция мен бизнесті тартушыға айналуға тиіс.

Жиналыста мегаполистегі Өңірлік қаржы орталығы жайлы да бірнеше мәрте сөз болды.

«Алматы – қаржылық орталық. Бұл қор нарығының дамуына, түрлі қаржы құралдарының жандануына серпін береді. Алматыда үлкен көлемді индустрия болған, өкінішке орай, ол соңғы жылдары қысқарып қалды. Алайда бұл жерден бірнеше ондаған мың жұмыс орнын құра аламыз деген ойдамын. Алматы әкімімен арадағы мәмілеге орай, бір айдан соң индустриялық парк бойынша жиналыс өткізіп, Алматының индустрияландыру картасын талқыға салайық.  Онда қандай мәселелер бар? Ұсыныстар мен ескертулер берулеріңізді сұраймын», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер