«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хаттау қажет

2015 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
10994 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Алматы қаласында өткен кәсіпкерлер форумында индустрияландырудың бірінші бесжылдығы қорытындысы мен алдағы Өңірлік картамен жасалатын жұмыс жайлы сөз қозғады.

«Алдымызда қолымызда бар барлық кәсіпорындарды және өзіміз өндіретін барлық өнімдерді толығымен хаттау міндеті тұр. Осы кәсіпорындардың жүктелуі, шикізат өзгешелігі, өңірлер инфрақұрылымын хаттау, жер, коммуникациялар, қуаттылықтар, индустриялық және еркін экономикалық аймақтардың болуы», - деп мәлімдеді Нұржан Әлтаев.

Индустриялық бағдарламаның бірінші бесжылдығы еліміздің өнеркәсіптік өндірісіне негіз құруға сеп болды. Алайда, оның сөзінше, күтілген нәтижелерді ала алмадық. Индустрияландыру картасы, әсіресе өңірлік деңгейде, маркетингтік зерттеусіз қалыптасты. Және де бұл қайталауға, жекелеген өңірлерде жобалардың тым көбейіп кетуіне алып келді. Сұндай тәжірибені қайталамас үшін, Нұржан Әлтаевтың айтуынша, ҰКП-да Өңірлік даму картасы дайындалды. Ол өңірлік экономикалардың бастапқы деректері мен басты өлшемдерін біріктіреді. 

«Екінші кезеңде келешегі бар кластерлік және көшбасшы жобаларды қалыптастыруға кірісеміз. Аталмыш жобалардың басымдылықты ерекшелігі өңірлік нарық ішіндегі қажеттіліктерді жабу және осындай жобалар айналасындағы шағын және орта бизнес белдеуін құру», - деп атады Нұржан Әлтаев.

Өңірлік даму картасын жасау кәсіпкерлердің өздері үшін деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Бизнесмендер бос емес немесе бос тұрған салалар жайлы ақпаратты еркін тәртіпте ала алатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер