«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық стандарттау жоспарына стандарттарды әзірлеу бойнша ұсыныстарды қосу тәртібі қандай?

2020-04-23

Ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру туралы ақпарат жыл сайын техникалық реттеу және метрология комитеті интернет-ресурстарында -memst.miid.gov.kz және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК сайтында – kazinst.kz
жарияланады

 Стандарттарды әзірлеуді көздейтін жеке және заңды тұлғалар стандарттарды әзірлеу алдындағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей стандарттаудың ұлттық жоспарына енгізу үшін қағаз жүзінде немесе «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да (Стандарттау жөніндегі ұлттық институт) «Е-жоспарлау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жібереді.

  Өтінішпен қоса келесі мәліметтерді көрсетіп түсіндірме жазбасы беріледі:

  1. стандарттау құжаттарын, оның ішінде ұқсас стандарттау құжаттардың  жұмыс етуінде оларды әзірлеудің қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы ақпарат;
  2. стандарттау бойынша құжаттарды әзірлеуде әлеуеттік пайдаланушылардың қызығушылығы туралы ақпарат;
  3. стандарттау объектісі және оның сипаттамасы туралы мәлімет;
  4. негізгі нормативтік база (түпкі дереккөз) туралы мәлімет;
  5. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы ақпарат және алынған нәтижелер (болған жағдайда);
  6. осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау құжаттарының болмауы немесе қайта қаралуы / күшін жою туралы ақпарат

Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер