Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесі өлшемдерге жатады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде макрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін осы санаттарға жатқызу үшін арнайы өлшемдер қолданылады: жұмысшылардың жылдық орташа саны; жылдық орташа табыс. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санатқа жатқызу мемлекеттік статистика, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары, Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын қолдану мақсатында пайдаланылады.

Мемлекеттік статистика мақсаты үшін жұмысшылардың жылдық орташа саны өлшемі ғана қолданылады.

Ал мемлекеттік қолдау көрсету мен Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын пайдалану мақсатында екі өлшем қолданылады: жұмысшылардың жылдық орташа саны мен жылдық орташа табыс. Мұнымен қоса жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларында қолдау көрсету үшін басқа да өлшемдер қарастырылуы ықтимал.