«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанадағы United Medical Expo — болашақ медицинасының аймағы

29 Қазан 2025 - 30 Қазан 2025

2025 жылы 29–30 қазан аралығында Астана қаласы «EXPO» көрме орталығында «United Medical Expo» Халықаралық көрмесі өтеді. Бұл — медицина саласының түрлі бағыттарындағы мамандар мен компанияларды, соның ішінде стоматологияны да  біріктіретін кәсіби салалық іс-шара.

United Medical Expo көрмесіне тегін қатысыңыз — ол үшін сайтта тіркеуден өтіңіз.

Көрмеге Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Словения, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Нигерия, Пәкістан, Германия, Мальта, БАӘ және т.б. сияқты 15 елден 100-ден астам компания қатысады. Іс-шараға салалың жетекші сарапшылары, медициналық жабдық өндірушілер, клиникалар, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады. Бұл өз  брендіңізді таныстыруға, серіктестік желіні кеңейтуге және жаңа нарықтарға шығуға тамаша мүмкіндік.

 

 

 

Көрме бөлімдері:

  • Медициналық, ауруханаға арналған жабдықтар мен техника
  • Фармацевтика және фармакология
  • Стоматология (материалдар мен жабдықтар)
  • Медициналық туризм
  • Клиникалар мен госпитальдерге арналған жабдықтар
  • Эстетикалық медицина және косметология

Неліктен бару керек:

  • Медицинаның әртүрлі салаларындағы сарапшыларға қолжетімділік — дәрігерлер, технологтар, клиника басшылары, дистрибьюторлар және инвесторлар.
  • Медициналық туризм және сауықтыру бойынша кеңестер – сіз Қазақстандағы және шетелдегі ең үздік клиникалар мен бағдарламалар туралы кәсіби ұсыныстар ала аласыз.
  • Денсаулық сақтау саласына арналған ең жаңа технологиялар мен шешімдер — жабдықтар мен фармацевтикадан бастап, медициналық мекемелерді басқарудың инновациялық тәжірибелеріне дейін.
  • Нетворкинг және іскерлік мүмкіндіктер — сала мамандары үшін жеткізушілер, өндірушілер және әлеуетті серіктестермен кездесулер.
  • Пациенттер мен инвесторларға арналған дәлелденген шешімдер — клиникалар мен медициналық орталықтардың өзекті ұсыныстарымен, сондай-ақ медицина секторына инвестициялау болашағымен танысу мүмкіндігі.

Іскерлік бағдарлама

Көрме аясында жетекші сарапшылардың қатысуымен медициналық нарықты дамытуға, клиникаларды басқаруға, медициналық туризмге және ауруханаларды жабдықтаудағы инновацияларға арналған бизнес-конференция өтеді. 

United Medical Expo — бұл дәрігерлер, басшылар, инвесторлар және технологтарға арналған алаң, мұнда жаңа жобалар туындап, бүкіл денсаулық сақтау нарығы үшін мүмкіндіктер ашылады.

Көрмені жіберіп алмаңыз! Тегін тіркелу сілтеме арқылы қолжетімді.

WhatsApp: +905368106898

Email: info@umtexpo.com

Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174