«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Виктор Христенко интеграцияның жаңартылған тәсілдері туралы айтты

2019 жылғы 27 Қазан
12404 просмотров

Виктор Христенконың үндеуі

Іскерлік Кеңестің президенті және Төралқаның мүшесі ретінде интеграцияға жаңартылған тәсілдерде қандай элементтер маңызды екені туралы сіздермен өз ойларыммеен бөлісуге мүмкіндік берілгеніне алғыс білдіремін.

6 желтоқсанда Мәскеуде өтетін кездесуімізге дейін тараптардың барлығы, Өнеркәсіпшілер одақтары мен кәсіпкерлер, Сауда-өнеркәсіп палаталарының комитеттері, ЕЭК-пен тікелей жұмыс істейтін индустриялық одақтардың барлық өкілдері өз ұсыныстарын береді. Біздің жиынтық құжатта қалып қойған, интеграцияланбаған олқылықтарды жабуға байланысты түрлі өзекті мәселелер қамтылады. Сондай-ақ, стратегиялық элементтер де көрініс табады.

Бизнеске арналған шектеулер мен кедергілер туралы мәселе бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға мүдде танытқандардың жіті назарында. Әлі  де кедергілер бар,  шектеулердің барлығы алынып тасталған жоқ. Күрес келесі жолмен өрбуде: тазалау процедурасы жүргізіледі де кедергілердің 20%-ы жыл ішінде жойылады. Бірақ бір мезгілде он шақты жаңа кедергі пайда болады.

Оған себептер мен негіздер бар. Интеграция бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста. Жаңа бағыттар бойынша жаңа келісімдер жасалады және жаңа келісімдерде 100%-ға келісуге қол жеткізу қиын. Бірақ, егер біз келіспесек, егер бір мәселе шешімін кейінге қалдырсақ, демек тағы бір кедергі пайда болатыны анық.  

Кедергілердің пайда болуы қол құсырып, жұмысты тастауға себеп емес. Бұл дегеніміз мәселе Іскерлік кеңес құрылымдарының назарынан тыс қалмауы керек. Кедергілерге қатысты тақырып қашанда бақылауда болуы шарт, аталған мәселе ЕЭК-тың бизнеспен кері байланыс кеңістігінде болуы керек.

Пікірталас кезінде статистикаға сілтеме жасап, интеграция күтілгендей, нәтиже бермегені туралы айтылатындықтан бұл маңызды. Менің пікірімше, біз көріп отырған мәселелердің 99%-ы интеграцияланып үлгермеген мәселелер. Бұл интеграция себептері емес, бұл тартып алу және шектеу проблемалары. Бұл біздің интеграциядан жасаған нәтижеміз.

Сөзсіз, интергация Еуразиялық одаққа барлық қатысушыларына оң нәтиже берді. Бұл қазіргі экономикалық қиын уақытта тіпті ерекше жайт. Кез келген қиын жағдайда мәселе бірлесіп өткерген жеңіл екен айқын.

 Менің пікірімше, 2025 жылға дейінгі іс-әрекеттер жоспары бүгінде Одақтық келісімшартта барды қоспай өте алмайды. Келісмшартта толық ашылмаған, және толық жүзеге аспаған үлкен бөлік бар. Бұл инфрақұрылымдық бөлік. Онда – энергетикалық ресурстардың жалпы нарықтары, электр энергетикасының нарығы, көлік саясаты және көлік ресурстарының нарығы бар, бұл дегеніміз телекоммуникациялық процестер, ешкім алып тастамаған бірыңғай қаржы нарығы. Мұның бәрі стратегиялық мақсаттар сомасы ретінде келісімшартта жазылған.

 Сондықтан 2025 жылға дейінгі іс-әрекеттер жоспарында инфрақұрылымдық бағдарламалар жай ғана белгіленбеу керек. Олар айтарлықтай нақты ашылуы керек. Келісімшартта толық жазылмаған жерлерде анық емес тұстарды алып тастау керек. Бұл бірінші.

 Біздің позициямызда міндетті көрініс табуы керек бағыт – цифрлық трансформация. Келісімшартта бұл бағытқа орын табылмады. Бірақ цифрлық күн тәртібімен жұмыс басталды. Бұл өте үлкен жетістік. Осы ретте цифрлық трансформация – бүкіл бағытты қамтитын тарих, ЕАЭО елдерінің бірыңғай әрекет етуінсіз цифрландырудың ұлттық жобалары интеграцияның қол жеткізілген нәтижелеріне де зиян келтіреді.

 Сондықтан цифрлық трансформация Іскерлік кеңестің 2020 жылға арналған іс-қимыл жоспарының басымдығы ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық Одақтың қолдауымен жұмыс істейтін барлық құрылымдар үшін бірыңғай ортақ әрекеттер мен шешімдердің басымдығы болуы керек. Сол кезде біз кедендік, техникалық реттеу және басқа да саясаттар саласында қабылданған нормалардан үлкен әсер ала аламыз. Цифрлық экономика елдеріміздің әрқайсысындағы экономикалардың өсуіне мүмкіндік беретін жаңа типтегі фантастикалық сала екенін айтпаймын да.

Өте маңызды үшінші идея – адами капитал. Иә, біз еңбек нарығын құрдық. Иә, біз қандай да бір кедергілерді шештік. Біз тіпті толық жетілмеген болса да, ЕАЭО бірыңғай еңбек нарығында өз жұмысын ұсынатын адамдарға зейнетақы, медициналық қызмет көрсетудің нұсқаларын таптық.

Менің пікірімше, адами капиталдың осы шақтағы, сонымен қатар келешектегі дамуын назарда ұстаған жөн. Демек,  болашақта барлық типтегі білім: орта, жоғары, кәсіптік оқудың дамуы бар. Бастысы – осы салада стандарттар базасы. Егер біз осы салада болашаққа қатысты келісілген көзқарастар мен тәсілдерді таппасақ, онда кез-келген кішігірім жағдайда бірыңғай нарықтағы нәзік позиция тез құлдырайды, соның ішінде дипломдарды, біліктіліктерді және тағы басқаларды өзара мойындау да құрдымға кетеді.

 Менің ойымша, бірыңғай еңбек нарығын тиімді толыққанды дамыту өте өзекті болып қала бермек. Бұл интеграцияны жақсартуға ішкі серпін бере алады, өйткені интеграция, бірінші кезекте адамдар үшін жасалады, ал адами капитал – интеграцияның маңызды ресурсы болып табылады.

 Төртінші – басқару тиімділігі және суверенитет. Бүгінде ЕАЭО-да бар шешімдерді қабылдау жылдамдығы өмір қарқынына сәйкес келмеуде. Біз бәрінен қалып қойып, интеграция қайтадан істен шықты деп жазғырып жатамыз. Жаңашылдыққа бейімделуге, басқару машинасын модернизациялауға үлгеріп отыру керек. Бүгінгі таңда ұлттық деңгейдегі қиын және әрдайым тиімді шешім қабылдау процесі жүрмейді.

 Президенттердің желтоқсандағы кездесуіне арнап дайындалатын үкіметтік материалдарда ұлттық деңгейдегі құрылымдар рөлінің өзгеруі көрініс табуы керек. Олардың құзыреті артып, тұрақты басқару органы – ЕЭК Алқасының жауапкершілігі өсуі қажет. Жауапкершілікті беруден қорықпау керек. Кеден одағы Комиссиясының жұмысы басталғаннан бастап көптеген жылдар өткен соң, өкілеттіктер көлемі ЕЭК Кеңестен тікелей Алқаға берілуі керек, сонымен бірге оның мүшелерінің шешімдерге деген жауапкершілігін арттыру қажет.

 Қалай айтсақ та, Қазақстан үшін ЕАЭО нарығы – оның жеке нарығынан он есе үлкен нарық. Қазақстан қатысуымен қабылданып жатқан шешімдер  бүкіл сексен миллион адамға, бүтін нарыққа қолданылады. Бұл тұрғыдан алғанда, бұл абсолютті өсім,  суверенитеттің жоғалуы емес, оның өсуі. Бұл егеміндікті жоғалту емес, күшейту. Ұлттық мүдделерді қорғау тақырыбы немесе біртұтас экономикалық кеңістікті пайдалану – жалған дилемма, интеграциялық жобаның тиімділігін арттыру жолында тұрмауы қажет тұзақ.

 ЕЭК Алқасы деңгейінде шешімдер қабылдаудың құзыреттілігі мен тиімділігінің артуымен Одақ мемлекеттерінің егемендігі ешқандай жолмен әлсіремейді. Интеграциялық процесс, менің көзқарасым бойынша, әрқашан бір нәрсені – суверенитетті нығайтуға әкеледі.

Тағы бір маңызды мәселе – елдеріміздің бизнес өкілдерінің күш-жігерін үйлестіру тиімділігі. Іскерлік Кеңесті құрудан бастап біз бес елге дейін кеңейдік, бізде Молдова пайда болды, цифрлық күн тәртібі бойынша комитеттер, сауда келіссөздері бойынша бірыңғай азық-түлік нарығы серіктес елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық іске қосылды. Төралқаның отырыстары үнемі өткізіліп тұрады, Комиссия басшылығымен жүйелі диалог орнатылды. Іскерлік кеңестің мүшелері болып табылатын көптеген салалық одақтар қазірдің өзінде Еуразиялық кеңестің құрамына кірген. Мәскеуде 6 желтоқсанда өтетін кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның ақылдасу органдарымен өзара әрекеттесуімізді жетілдіруді талқылаймыз деген ойдамын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер