«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда бейнеге түсіретін көзілдірік, жасанды робот, қадағалайтын білезіктер жасалады

2018 жылғы 12 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5670 просмотров

 «Ең үздік жоба» аталымы бойынша «Алтын Сапа-2018» Сыйлығын иеленуші «KazTechInnovations» ЖШС жоғары технологиялық радио электрондық аппаратураны әзірлеу мен өндіруге маманданған. Алматыда компания бірден алты жобаны жүзеге асыруға кіріскен болатын, оның ішінде отандық нарықта баламасы жоқ Orbi көзілдірігі, электронды бақылау құралы бар білезіктер, сонымен қатар «Ақылды үй» және «Ақылды қала» жобаларына арналған платформаны дайындау әзірлемелері бар.

«KazTechInnovations» ЖШС қуаттылығы – жылына 10 мың электронды құрылғы шығаратын радиоэлектроника зауытын іске қосу рәсімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Индустриялау күніне» арналған телекөпір барасында жасалды.

Бұған қоса Президенттің өзі компанияға «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «Алтын Сапа-2018» Сыйлығын  табыс етті.

«Зауытымыз өндірістің толық циклын қамтиды және Алматы қаласындағы «ПИТ Алатау» арнайы экономикалық аймақ территориясында орналасқан. Бүгінде біз алты жобаны әзірлеп жатырмыз. Осы өнімдерімізге әлемнің 70 елінен алдын ала тапсырыстарды алып үлгердік. Әзірлемелер ішінен Orbi көзілдірігі мен бас бостандығынан айырлығандарды бақылау құралы ретінде пайдалануға болатын электронды білезіктері аса танымал құралдар», – деді компания директоры Тайыржан Балбаев.

 Зауыт сандық бағдарламалық басқаруы бар заманауи жабдықпен қамтылған. Зауытта металл өңдеу, аддитивті технологиялар, композитті материалдардан өнім өндірісі, пластик пен силиконды құю, радиоэлектронды өнімді монтаждау цехтары және гальваникалық жабынды цехы жұмыс істейді.

 «KazTechInnovations» компаниясында өзінің жеке конструкторлық бюросы бар, оған озық технологияларды игерген жоғары дәрежедегі мамандар кіреді, мамандар заманауи компьютерлермен жұмыс істейді. Бюро радио электронды құрылғыларды, механикалық дизайн, үдерістерді макеттеу мен модельдеуді  жүзеге асырады.

 «Конструкторшылар арнайы бағдарламалар көмегімен есеп жүргізіп, түрлі бұйымдарды жобалайды, шыққан құрауыштарды топтап, сынақ жүргізеді», – деді «KazTechInnovations» директоры.

 Компанияның табысты әрі танымал жобаларының бірі – 90 минут көлемінде 360 градуста бейне түсіре алатын Orbi көзілдірігі. Құрылғыға қондырылған Wi-Fi таратқышы көмегімен түсірілген бейне материалды интернет арқылы таратып, әлеуметтік желіге салуға болады. Түсірім 4 FullHD камерасы арқылы жүргізіледі. Барлық камералардан біріктірілген видеоматериал 4k-ға дейін сапала толық көріністі контентті береді. Түсірілген материалды ORBI Prime-нан қарағанның өзінде пайдаланушы түсірім болған жердің атмосферасына еніп, көріністі сол жерде болғандай басқара алатын болады.

Тағы бір жоба – бақылау білезіктері (бақылаудың электронды құралдары жүйесі) 10 жыл бойы қолдану арқылы бюджетке 43 млн теңгеге дейін қаражатты үнемдеуге көмектеседі.

 «Білезіктер түзету орындарынан босап шыққан, бірақ әлі де бақылауда жүрген кісілерді қашықтықтан тану және ақпаратты автоматты жинау арқылы үздіксіз монитринг жүргізеді, сонымен қатар олардың бір жерден екінші жерге жүруіне шектеу  міндеттері қалай орындалып жатқаны туралы деректерді өңдейді. Сонымен қатар базамен байланыс қашықтығы 300 метрді құрайды, білезіктер оларды шешуге немесе ашыудан қорғаудың үшдеңгейлі жүйемен қамтылған. Білезіктегі 1 батарейкамен жұмыс істеу мерзімі – 5 жылға дейін. Білезік – 40⁰С-ден + 60⁰С аралығында жұмыс істей алады, су және соққыларға төзімді келеді», – дейді Тайыржан Балбаев.

 Бұған қоса компанияда пилотсыз жұмыс істейтін шағын тактикалық ұшу аппараты жобаланды, бұл құрылғы арқылы жерді биіктіктен көрінетін қашықтықта және инфрақызыл диапазонда әуеден фото түсірілім жасауға болады, құрал қиын климаттық жағдайларда да жұмыс істей алады.

«Тағы бір жобамыз – аз ғана шығынды ғана қажет ететін жер бетін статистикалық нүктеден  бақылауға мүмкіндік беретін жұмсақ дирижабль. Жүйе газбен толыққан аэростат, бақылау камерасы, жүк көтеру датчигі, басқару блогы мен деректерді беру арнасынан тұрады», – деді компания директоры.

 Компания әзірлеушілері дөңгелектер арқылы қозғалатын күзетші роботты да ойлап тапты. Робот нысан бойынша өздігінен жүріп, бақылауға оңтайлы келетін нүктелерде тоқтап бақылу жүргізеді.

Компанияның басқа жобалары ішінде пилотсыз ұшу аппараттың жылжымалы нысаны, ойлы-қырлы жерлерде жасырын қозғалысқа арналған электрлік багги,  автомобиль шиналары өндірісінде қолданылатын, дөңгелек тесіліп қалса да жүре беруге мүмкіндік беретін «Run-flat» алдыңғы шет транспортеры, роторлы үлгідегі пилотсыз ұшы аппаратты бақылауға арналған тез ашылатын бақылау нүктесі, гексакоптер, цифрлық антенналы тор және басқа да жобалар бар.

 «Құрылғыларды әзірлеушілер, бағдарламамен қамтамасыз ету және коммуникациялық компаниялармен серікстестік құру арқылы біз Интернет заттарға арналған кешенді платформаны әзірлеп, ұсынып отырмыз. Платформа түрлі бағыттарда М2М/IoT жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, «Ақылды үй», Ақылды қала» жобалары, автономды паркингтер, жылжымалы объектілерге арналаған треккингтер, қауіпсіздік және денсаулық сақтау жүйелері қажеттіліктеріне қарай деректерді  жинау, сақтау, өңдеу және талдауды ұйымдастыру үшін иинфрақұрылым ұсынамыз», – деді Тайыржан Балбаев. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер