Мемлекеттік тапсырыс арқылы 8,4 млрд теңге шетелдікткомпанияларға өткен
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғап отыр
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті үлесті бақылау бойынша жұмысшы органы болып саналады. 2017 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, энергетика, коммуналдық шаруашылық және білім беру салаларына мониторинг жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мемлекеттік сатып алуларда импорттық тауарларды қолданған 12 тәртіп бұзушылықты анықтады. Аталған тауарлардың баламасы Алматыда өндіріледі. Осылайша мемлекеттік тапсырыс арқылы шетелдік компаниялардың қалтасына 8,4 млрд теңге аударылған. Бұл қаражатты Алматыда қалдырып, қаланың дамуына жұмсауға болар еді.
«Алматы лифт» ЖШС-на 732,6 млн теңгеге мемлекеттік тапсырыс алуға көмектесе алдық. Бұған дейін бас мердігерлер Қытай, Түркия және Белорусь елдерінің өнімін пайдаланып келген. Алматыдағы медициналық мекемелер мен мектептерге бұған дейін Ресей, Франция, Германияның өнімдері сатып алынып келген. Комиссия жұмысының арқасында хаттамалық тапсырма аясында тапсырыс берушілер Алматыдағы «Аврора» компаниясының тауарларын ала бастады. Компания 25 млн теңгеге мемлекеттік тапсырыс алды. Ал Палатаның көмегімен «СК-Фармация» компаниясы «JULDYZ KENAN» компаниясымен 300 млн теңгелік келісімшарт жасады», - деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алма Тұрлыбаева.
Сонымен қатар Алматыдағы BRB APK, Аврора, Казлегпром-Алматы секілді өндірушілердің «Магнум», «Мега» және тасқа да сауда орталықтарына тікелей жеткізуін жолға қойғандығын атап өтті.
«Отандық өндірушілердің көптеп қатысу мәселесін шешу үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы ұзақ мерзімді келісім шарт жасау мақсатында мемлекеттік сатып алулар мониторингінің алгоритмін қарауды ұсынып отыр. Палата жұмысындағы басым бағыттардың бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау, жергілікті кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін арттыру», - деді Алма Тұрлыбаева.
Жоспарда индустриялық сертификат негізінде Тауар өндірушілердің бірыңғай реестірін жасау, салаларға талдау жүргізу, өндіріс картасын дайындау және мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау көрсету үшін қала экономикасы салаларының ахуалын бағалау жұмысын жүргізу тұр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: