«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сот мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау хаттамасының күшін жойды

2018 жылғы 14 Наурыз
3811 просмотров

Астанадағы жеке кәсіпкер Михаил Алиагаев Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының ұжымына көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді

Былтыр қараша айында Кәсіпкерлер палатасына «Бевзюк» ЖК басшысы Михаил Алиагаев Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметкерінің заңсыз әрекеті үшін сотта консультативтік-құқықтық сүйемелдеуге көмек сұрап жүгінген еді.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекторы көршілердің шағымын тексеру барысында тиісті рұқсат берусіз ғимараттың қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды заңсыз жасады деген хаттама толтырған.

«Бізде бәрі де заңды, рұқсат құжаттарымыз да қолда. Ал көршілердің шағымы тек біздің жұмысымыздың экологиялық құрамына қатысты», – деді Михаил Алигаев.

Кәсіпкер Палата салапшыларының көмегімен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. Нәтижесінде сот мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекторының «Бевзюк» ЖК қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасының күшін жойды. Ал мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инпекторына қатысты жеке қаулы шығарылды.

Мұнымен қоса Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының қалыптасқан жұмысының арқасында тағы бір кәсіпкер бастаған құрылыс аяғына жеткізе алды.

«Зимитстрой» ЖШС жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Жер учаскесінде жаңа кәсіпорынның құрылысы жоспарланған еді.

2016 жылдың сәуірінде ЖШС аукцион арқылы 10,5 млн теңгеге 21 айға жер учаскесін алған. Серіктестік бекітілген тәртіпте нысан жобалауын аяқталды, жұмыс жобасының сараптамасына оң қорытынды шығарылды, сондай-ақ электр энергиясына, су жүргізуге, кәріз жүйесін қосуға техникалық шарттар да алынды.

Мұнымен қоса, жер учаскесінде темір жол тұйығы болғандықтан, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бекітілген тәртіпте келісілген «Темір жол кірме жолы құрылысының» жұмыс жобасы дайындалды.

Мұнымен қоса, жобалау мерзімі ұзартылғандықтан, сондай-ақ қаржылық қиындық орын алғандықтан ЖШС бекітілген мерзімде нысан құрылыс бастай алмады.

Компания әкімдікке құрылыс мерзімін ұзарту туралы өтініш берген. Алайда қабыл алмаған. Палата аталған мәселені жұмыс тобында көтеріп, Сәулет және қала құрылысы басқармасымен берге Астана қаласы әкімі орынбасарының кәсіпкерлік субъектісіне көмек көрсету, құрылыс мерзімін ұзарту туралы өтінішпен хат жолданды.

Нәтижесінде Астана қаласы бойынша жер учаскесін беру туралы Комиссиясы отырысының нәтижесінде құрылыс мерзімі 1 жылға ұзартылды. ЖШС директоры Қуаныш Сағындықұлының айтуынша жобалаудың өзіне 20 млн теңге жұмсалған.

«Жер учаскесінде терең қайта өңдеуге бағытталған өндіріс орнын салуды жоспарлап отырмын, Палатаның көрсеткен көмегіне айтар алғысым зор», - деді кәсіпкер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер