Мемлекеттік ұйымдарға еркіндікті көп беру керек
«Атамекен» квазимемлекеттік ұйымдардың арбитражға қатысуы туралы ұсыныс береді
Мемлекеттік ұйымдардың арбитражды дауға қатысу мүмкіндігі шектеулі. Бұл соттан тыс тәртіпте келісімді дауларын өзара шешіп отырған компаниялар үшін көптеген мәселені тудырады. Бұл туралы ХІІ Қазақстан корпоративтік заңгерлерінің форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж орталығының атқарушы директоры Асқар Қалдыбаев баяндады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік немесе квазимемлекеттік ұйым отандық компанияның немесе жеке тұлғамен орын алған дауын қарауы үшін салалық министрліктің рұқсатын алуы тиіс. Бұл айтарлықай күрделі процесс. Сонымен қатар бейрезиденттермен келісім жағдайында мұндай шектеу қойылмаған. Сөзсіз, жергілікті компанияларға қатысты дискриминацияны көріп отырмыз. Сондай-ақ бұл мемлекеттік ұйымдардың шаруашылық қызметтерін де шектейді. Біз мемлекеттік компанияларға да, жергілікті тауар өндірушілерге де тиімді болуы үшін осы норманы жетілдіру мақсатын қойып отырмыз. Біз бұл мәселені ҚР Парламентінде талқылауға дейін көтереміз», – деп атап өтті Асқар Қалдыбаев.
Еске салсақ, «Атамекен» арбитраж орталығы 2015 жылдан бастап даулы мәселелерді қарастырып келеді. Осы уақыт аралығында 25 дау шешіліп, оның ішінде екеуінде тараптар бітімгершілік шешімді қабылдады. «Арбитраж туралы» заңына сәйкес Ұлттық палатаның Арбитраж орталығы азаматтық-құқықтық дауларды қарайды.
Негізінен бұл коммерциялық ұйымдардың жеткізу, сатып алу-сату, мердігерлік, қызмет көрсету туралы келісім шартына қатысты келесімшарттық даулар. Арбитраж әкімішілік, салық сипатындағы дауларды қарастырмайды. Баламалық төреліктің артықшылығы сонда, тараптар қаражат пен уақытты аз шығындап, арбитрды (судьяны) дербес таңдай алады.
«Біздегі арбитрлар тобы мықты, арбитрлық жарна өте төмен, шешім шығару мерзімі мен Қазақстанның барлық өңіріндегі арбитрлық қарау мүмкіндігі жедел», - деді Асқар Қалдыбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: