«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тапсырыс берушінің асыра сілтеуіне жол берілмеді

23 Мамыр 2016 - Алматы қаласы
4289 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері «KazPartnersGroup» ЖШС-ның мүддесін қорғады

Сотқа дейін жеткен дау-дамай «KazPartnersGroup» ЖШС мен «Қаржылық академия» АҚ-ның арасында туындаған. Екеуі де мемлекеттік сатып алу бойынша жолы болмаған әріптестер. 4 миллион теңге шамасындағы келісімді бұзуға себеп болған жайт – тараптардың бір-бірін түсінбеуі.

«KazPartnersGroup» ЖШС білім беретін мекемеге 3,9 миллион теңгеге құрылымдалған компьютерлік желілер жүргізіп беруді өз міндетіне алған (2015 жылдың 19 қарашасы күні өткен байқау қорытындысы бойынша). 7 желтоқсан күні нысанға келген жұмыскерлер нысан бойынша  келісілген жұмыс көлемі мен нақты атқарылатын жұмыс көлемі арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін анықтаған. Мәселен, Қаржылық академия желіні келісілгендей бір қабатқа емес, бес қабаттың барылығына жүргізуді талап еткен. Ал бұл шарттың техникалық спицификациясында жазылмаған.

Осылай, жеткізуші көрсетілген сомаға қосымша жұмыс атқарудан және тиімсіз келісім жасаудан бас тартады. Өз кезегінде, тапсырыс беруші жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деген айыппен сотқа берген. Айта кетерлігі, егер «KazPartnersGroup» ЖШС Жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілсе, 2 жылға дейін мемлекеттік сатып алуға қатыса алмас еді, сөйтіп компанияның табысына айтарлықтай нұқсан келер  еді.

«KazPartnersGroup» ЖШС-ның арызы бойынша істің құжаттарымен танысып шыққан Алматы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің мамандары мынадай қорытындыға келді. Біріншіден, тапсырыс беруші жеткізушіні жаңылдырған және көрсетілетін жұмыс пен қызметтің барлық көлемі тараптар арасында жасалған шарттың техникалық спецификациясында егжей-тегжейлі әрі нақты жазылуға тиіс болатын.

Екіншіден, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 11 бабы 4 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші тарапынан шарттың бұзылғандығы туралы арыз талап 30 күндік мерзімде, яғни бұл жағдайда 2016 жылдың 13 қаңтарына дейін берілуге тиіс еді. Ал, Қаржылық академия арыз беру мерзімінен кешіккен. «KazPartnersGroup» ЖШС-ны жосықсыз  жеткізуші деп тану туралы арыз талап 2016 жылдың 31 наурызында ғана берілген.

Осы деректерді есепке ала отырып, Алматы қаласының АААЭС-ты 2016 жылдың 16 мамыры күні «Қаржылық академия» АҚ-ның «KazPartnersGroup» ЖШС-на қатысты талап арызын қанағаттандырмады. Осылай, «KazPartnersGroup» компаниясы өз жұмысын табысты жалғастыруда.  

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер