«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда жұмыссыз азаматтар тегін оқу курсынан өте алады

2018 жылғы 14 Тамыз
- Алматы қаласы
9149 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сұраныстағы мамандық бойынша қалай білім алып, жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді

Қысқа мерзімде кәсіби білімді тегін алу Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында қарастырылған. Бұл туралы Адами капиталды дамыту бөлімінің мамандары хабарлады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген/тіркелмегеніне қарасмастан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыстан қысқартуға ұшыраған азаматтар мен 29 жасқа дейінгі жастар білім ала алады.

«Қысқа мерзімде кәсіби білім алу үшін Алматыда 20 оқу орталығы құрылған және «Атамекен» ҚР ҰКП тізіліміне енген, оның ішінде 8 оқу орталығы биыл ашылды», - дейді бөлім басшысы Вера Цзин.

Аталған курстан өту мерзімі 1 айдан 6 айға дейінгі уақыт аралығында, барлығы да мамандықтың ерекшелігі мен бағдарламасына байланысты.

Бағдарламаға қатысушылар үшін жолақысы мен тұратын жеріне материалдық көмек қарастырылған, ал оқуды аяқтағаннан кейін біліктілікті игергені туралы сертификатқа ие болады.

Оқуды аяқтағандарға жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес жұмысқа орналасуға көмектеседі. Ал бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, ауылдық округ немесе елді мекен әкімдігіне өтінім жазып, қажетті құжаттарды өткізу керек.

Мемлекеттік грант беру ережесіне сәйкес, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-221 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға 100 АЕК көлемінде көмек көрсету қарастырылған. Грант бизнес бастаушылар үшін өтеусіз негізде беріледі. Мемлекеттік грант қаражаты қажетті жабдық, құрал, мал, құс алуға жұмсалады.

Толық ақпаратты және Оқу орталықтарының тізілімі жайлы мәліметті сілтеме арқылы алуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер