«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркиялық «Аға сеньор» маркетинг негіздерін үйретеді

2018 жылғы 26 Маусым
- Алматы қаласы
4656 просмотров

Андрей Плотников – интернет-маркетинг саласында білікті маман. Ол ресейлік Пермь қаласының тумасы, халықаралық нарықта Германия, Филиппин, Түркияның ірі компаняиларына сауда қатынастарды реттеуге көмектеседі. Жуырдағы екі апта бойы Андрей Қазақстанда  «Қазтрансформатор»ЖШС өнімін алға тартуға үлес қосады.

«Қазтрансформатор» ЖШС электр энергиясы саласында маманданған ірі «Alageum Electric» холдингінің еншілес компаниясы болып табылады. Бұл кәсіпорын Қазақстан мен ТМД елдерінің нарығында электротехникалық тауарларды тарататын динамикалық дамып келе жатқан электротехникалық компания. «Қазтрансформатор» ЖШС-ның жоғары технологиялық жабдықпен қамтылған жеке өндірістік базасы бар. Компания трансформаторлы станциялар, бөлу панелдері, енгізбелі-бөлу құралдары мен щиттерді өндіреді.

Кәсіпорынға шетелдік білікті маманды шақыруға Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы көмектесті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  «Атамекен» ҰКП-мен жүзеге асырылып отырған  «Аға сеньор» құрауышы экономиканың басымдыққа ие салаларында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға шетелден маман шақырып, жаңа технологияларды енгізу бойынша кеңес алып, біліктіліктен өтуге мүмкіндік берелі.

  Шетел маманына кететін шығындар, жол қатынасы мемлекет есебінен қарастырылған. Ал сарапшыны шақырған компания орналасу, тамақтану, аудармашы қызметін ғана қамтамасыз етеді.

 «Осы бағыттағы қаржылай еме қолдауды Палата үш жыл қатарынан сәтті атқарып келеді. «Аға сеньор» құрауышы бойынша биыл Алматыда 11 өтінім әзірленген, олар қажетті шетелдік мамандардың, таңдалып, елге келуімен жүзеге асырылатын болады. Бүгін біз Андрей Плотниковпен келісімге қол қойдық. Ол тауарды өткізу мен маркетинг саласында білікті маман. Енді «Қазтрансформатор» компаниясының жуық арада сату  саласында айтарлықтай өзгеріс болатынына сенеміз. Осы аптада сарапшы шеберлік сабақ бойынша өз білімін бөліседі, сайтты оңтайландырады, қызметкерлерді оқытады. Яғни осылайша кәсіпорын мен сарапшы арасында тиімді байланыс орнатуға көмектесеміз», – деді ӨКП басшысы Бағдат Телебай.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер