«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық балалар «Нұр Әлем» шарында мектеп бағдарламасын оқи алады

2018 жылғы 31 Мамыр
- Алматы қаласы
3724 просмотров

Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері оқу орындары, туристік бизнес, сондай-ақ қаланың білім беру және туризм басқармаларының басшыларымен кездесті. Іс-шара барысында тараптар «Астана ЭКСПО –2017» халақаралық көрмесінде білім беру турларын ұйымдастыру мәселесін талқылады.

«Өскелең ұрпақтың ЭКСПО көрмесіне қызығушылығын ескере отырып «Астана ЭКСПО –2017» ұлттық компаниясы оқу орындары мен туроператорларға оқушылар мен студенттерге арнап экскурсиялық-білім беру турларын ұйымдастыруды ұсынады», – деді Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанбаева.

Ынтымақтастық аясында «Нұр Әлем» шарының инновациялық алаңында «Kids Future Energy» және «Students Future Energy» сабақтарында физика, биология, география, тарих, туризм және басқа да пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізу жоспарланған. Аталған сабақта оқу бағдарламасын нақты ортада көрсету ойыластырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімдігі , Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Астана ЭКСПО –2017» ұлттық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер