«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда сауда саласындағы білім беру кластері құрылады

2018 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
5329 просмотров

Сауда саласына арналған білім беру кластерін құру мақсатында Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледж базасында «Мамандарды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық оқу-әдістемелік кластерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ басшылығы, сауда саласындағы бизнес субъектілері жетекшілері («GROUP STAR» ЖШС, Kazakhstan» қонақүйі, «Арзан» ЖШС, «Мобильный сервис» ЖШС,  «Агентство креативных решений» ЖШС және т.б.) және білім беру басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталықтары, сонымен қатар  аталған сала бойынша мамандар дайындайтын колледждер мен жоғры оқу орындары қатысты.

 Алматы қаласы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин өз баяндамасында бизнес үшін мамандарды дайындау маңыздылығы, оның ішінде сауда саласы үшін өзектілігі жайында сөз қозғады. Спикер білім беру кластерін құрудағы негізгі мақсат пен  принциптерге тоқталды.

«Мамандарды дайындау сапасы бүгінгі таңда өзекті мәселе. Сауда саласында білім беру кластерін құру еңбек нарығы сұранысына қарай білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті  Вера Цзин.

ӨКП Сараптама мен бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің бастығы Қадіржан Асқаров Алматы қаласы бойынша сауда мен сауда айналымынвң негізгі көрсеткіштері бойынша сараптамалық ақпарат берді.

 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдау құралдары жайында Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры М. Сүйіндіков хабарлады.

Баяндамашылардан кейін жиын қатысушлары пікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша спикерлерге сауалдар қойып, жауаптарын алды. Қорытындылай келе «Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ және Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледж жанындағы үйлестіруші орталығымен бірігіп, сауда саласында білім беру кластерін құру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер