«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-класстағы автокөлікке қол жеткізу оңай

2017 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
4576 просмотров

Lifan дилерлік орталығы сатылым маусымын ашты

Алматылықтарға бизнес-кластағы жаңа «Lifan murman» автокөлігі таныстырылды. Ресми таныстырылымда қызығушылық танытқан қонақтар қатары аз болмады.

«Кроссовер Лифан Х60 бағасы орта кластағы седаннан арзан, бұл жағынан қарағанда біздің ұсынысымыздың әлеуметтік қыры да бар. «Lifan» брендінің артықшылығы сонда, агрекаттар мен технологиясы «Тойота корпорэйшн» компаниясымен келісімшарт арқылы шығарылады. Ал «Тайота» мойындалған марка екені белгілі. Ал «Тойотамен» жасалған келісімшарт негізінде «Тойота корпорэшн» Ресей зауытында сапа жүйесін 3 жыл бойы енгізді. Сондықтан «Lifan» сапа жағынан жапондық баламадан кем түспейді. Сондай-ақ, 5 жылға немесе 150 мың км жүріп өткен жолына кепілдік беріледі», ­– дейді «Lifan motors» дилерлік орталығының бас директоры Болат Аблақов.

Бұл жағдайда Қытай үлесі ретінде өндіріске, технология мен менеджментке инвестиция салынып отыр. Ресми дилердің айтуынша, келешекте отандастарға қытай өндірушісінің басқа да үлгілері ұсынылмақ.

«Былтыр Қазақстанда 50 мың автокөлік сатылған, бір автокөлікке орташа чек 5,5 –тен 7 млн теңгеге дейін өскені байқалған.2017 жылы бұл үрдіс жалғасып отыр – автокөлік бағасы қымбаттап келеді. Осы ретте «Lifan» автокөлігі  – мәселенің шешімі. Алматыда дилерлік орталық ашылғаннан кейін, сатып алу тіпті оңай болады», ­– дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Lifan motors» дилерлік орталығының бас директоры Болат Аблақовтың айтуынша 3 үлгі бар, 6-8 ай ішінде 4 үлгі дайындалады. Дистрибутерлік орталық Мәскеуде орналасқан. Сонымен қатар Белорусь, Ресей, Қазақстан елдерінде өкілдері бар. Қазақстанда 10 орталық жұмыс істейді. Ірі қалаларда орналасқан. Ресми өкілдің айтуынша «Lifan» көлігін бөліп төлеу арқылы алуға да болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер