astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
нормальный
қалыпты

(лат. normalis — түзу) Нормаға сәйкес келетін.

қалыпты берешек — нормальная задолженность қалыпты еңбек — нормальная работа қалыпты жағдай — нормальное обстоятельство қалыпты пайда — нормальная прибыль қалыпты сауда бірлігі — нормальная торговая единица

норматив
норматив

Қызметтің белгілі бір стандарттарға сәйкес орындалуы. Кәсіп­ керлік қызметте өндірістік қызметтерді атқару кезінде тауар мен өнімнің бір данасына жұмсалатын шикізат пен материалдың таза салмағы, олар өндірілетін алаңдар, технологиялық қалдықтардың көлемі, шикізат пен материалдан түскен шығындар норматив арқылы анықталады

нормативтен тыс босалқы қорлар — сверхнормативные запасы нормативті босалқы қорлар — нормативные запасы нормативті таза өнім — чистая нормативная продукция нормативті шығындардан ауытқу — отклонение от нормативных затрат нормативтік салық жеңілдігі — нормативная налоговая льгота нормативтік экономика — нормативная экономика нормативтік экономикалық талдау — нормативный экономический анализ нормативті-техникалық құжаттама — нормативно-техническая документация

обеспечение
қамтамасыз ету

Қандайда бір қажеттіліктерді толық қанағаттандыру; қажет­ тіліктермен жеткілікті көлемде жабдықтау. Кәсіпорынның то­ лыққанды жұмыс істеуіне қажетті материалдық құралдарды ұсыну.

қамтамасыз етілген вексель — обеспеченный вексель қамтамасыз етілмеген кепілдік — необеспеченная гарантия қамтамасыз етілмеген борыш — необеспеченный долг қамтамасыз ету жүйесі — система обеспечения құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету — обеспечение оборудованием материалдық-техникалық қамтамасыз ету — материально- техническое обеспечение

обмен
айырбас

Нарық экономикасында кең тараған түсінік; бір жеке тұлға немесе заңды тұлға екінші жаққа бұйым, тауар беріп, оның орны­ на ақша немесе басқа тауар, өнім алатын цикл түрі

айырбас тәсілі — способ обмена айырбас баға — меновая цена айырбас бағамдары жүйесі — система обменных курсов айырбас бағамы — обменный курс айырбас қаражаты — обменные средства айырбастап сату — обменная продажа айырбастау — конвертация айырбастау бағамының айырмасы — разница обменного курса айырбасты теңестіру — уравнение обмена

обмен / обменять
айырбастау

ақша айырбастау — обмен денег ақша айырбастау пунктi — обменный пункт пәтер айырбастау — обмен квартир

оборот
айналым

Қайталанып жүргізілетін процестердің барысындағы тауар­ лардың, ақша қаражатының қозғалысы. Ішкі айналым — кәсіп­ орынның бір жыл ішінде өндірген өнімдерінің, қызмет түрлерінің, тауарларының ақша түрінде анықталатын жиынтықты көлемі

айналым активтері — оборотные активы айналым балансы — оборотный баланс айналым қаражатын реттеу — регулирование оборотных средств айналым қаржылары — оборотные средства айналым құжаттары — оборотные документы айналым салығы — налог с оборота айналымдағы қолма-қол ақша — наличные деньги в обороте айналымдық қаражаттың қалдығы — остаток оборотных средств капитал айналымы — оборот капитала қолма-қол ақшасыз айналым — безналичный оборот салық салынатын айналым — облагаемый оборот салым бойынша айналымдар — обороты по вкладам сыртқы сауда айналымы — внешнеторговый оборот төлем айналымы — обороты по платежам ішкі айналым — внутренний оборот

обращение
айналыс

Сату­сатып алу арқылы айырбастау, сауда саласында өндірі­ летін тауарлар, ақша, құнды қағаздар қозғалысының бір нысаны

айналыс қаражаты айналымының саны — число оборотов оборотных средств айналыс қорлары — фонды обращения айналыс шығасы — издержки обращения айналысқа шығару — эмитирование айналыстағы артық ақша — избыток денег в обращении айналыстағы бағалы қағаздар — обращающиеся ценные бумаги айналыстағы құжаттар — обращаемые документы тауарлар айналысы — обращение товаров

общественный
қоғамдық

Қоғамға, ұжымға, ұйымға қатысты; жеке­дара емес; қоғам, ұжым, ұйым, мекеме, кәсіпорын үшін маңызды

қоғамдық аудит — общественный аудит қоғамдық бірлестіктер — общественные объединения қоғамдық еңбек бөлінісі — разделение общественного труда қоғамдық меншік — собственность общественная қоғамдық өндіріс — общественное производство қоғамдық өндіріс заңдары — законы общественного производства қоғамдық өнімнің босалқы қоры — запасы общественного продукта қоғамдық пайдалы еңбек — общественно-полезный труд қоғамдық пікір — общественное мнение қоғамдық тұтыну қорлары — общественные фонды потребления қоғамдық ұдайы өндіріс — общественное воспроизводство қоғамдық-экономикалық құрылым — общественно-экономическая формация

общий
ортақ

Барлығына тән, барлығына қатысты

ортақ иеленуші — совладелец ортақ иелік — совладение ортақ кепілгер — сопоручитель ортақ меншік — общая собственность ортақ мұрагер — сонаследник ортақ нарық — рынок общий ортақ өкімгер — сораспорядитель ортақ пайда — общая прибыль ортақ сақтандыру — сострахование ортақ табыс — общий доход ортақ тәуелділік — созависимость

общий; валовой
жалпы

жалпы айналым — валовой оборот жалпы ақшалай түсім — валовая выручка жалпы және есепке алынатын пайда — валовая и зачётная прибыль жалпы залал — валовой убыток жалпы инвестиция — валовая инвестиция жалпы көрсеткіш — общий показатель жалпы қоғамдық өнім — валовой общественный продукт жалпы қолжетімді баға — общедоступная цена жалпы қосылған құн — валовая добавленная стоимость жалпы номинал құн — общая номинальная стоимость жалпы өндіріс тауарлары — валовые производственные товары жалпы өндірістік шығыстар — общепроизводственные расходы жалпы өнім — валовая продукция жалпы пайда — валовая прибыль жалпы пайдадан алынатын салық — налог с валовой прибыли жалпы пайдадан шегеру — вычеты из валовой прибыли жалпы сату көлемі — объём продаж, валовой жалпы соманы есептеу — исчисление валовой суммы жалпы табыс салығы — глобальный подоходный налог жалпы көлем — вал жалпы ұлттық табыс — валовой национальный доход жалпы шаруашылық шығындары — общехозяйственные расходы жалпы шығасы — валовые издержки жалпы ішкі нарық — валовой внутренний рынок жалпы ішкі өнім — валовой внутренний продукт

Дочерние организации

Партнеры