astana-view

Жайық қалашығы

Батыс Қазақстан облысы

Ортағасырлық Жайық қалашығы Орал қаласынан оңтүстікте 12 км жерде, Шаған өзенінің арнасы құраған жағалаудың үстінде орналасқан.Қалашықтың көлемі шамамен 7 га құрайды. Қала тұрғын жайлардан, өндірістік және қоғамдық мақсаттағы құрылыстардан тұрады, яғни еден асты жылыту жүйесі бар шығыс моншасы, кірпіш күйдіретін және керамикалық пеш қалдықтары.Қалашықтан батысқа қарай 2 км қашықтықта, қала қорымында ғұрыптық ғимараттың, яғни полихромды глазурмен апталған екі камералы күмбезді кесененің қирандысы табылды. Қалашықтан күрделі шикі қабырғамен бөлектенген бірнеше бөлмеден тұратын тұрғын үй аршылды. Тұрғын үйлердің ішкі бөлігі тандырдың мұржасы арқылы жылынып, ол өз кезегінде «П-тәріздес» суфаға жалғасқан. Одан әрі «кан тәрізді» мұржа арқылы сыртқа қабырғадан тік шығарылған. Тұрғын үйлерде күйдірілген кірпіштен қаланған тікбұрышты пештер бар. Шаруашылық маңыздағы бөлмелерде ұралар, ташнаулар, қоқыс шұқырлары орын тепкен. Қалашықтан табылған материалдар үй құрылысы дәстүрінде Хорезм мен Сырдария өңірінің әсерлері болғанын айғақтайды. Сонымен қатар зерттеулер Нижный Повольженің тұрғын жайларымен үндестігі және өзгешеліктері бар екендігін де көрсетеді. Жайық қалашығы XIV ғ. бірінші жартысында, Өзбек (1313-1339 жж.) пен Жәнібек (1312-1357 жж.) хандардың билігі кезінде пайда болса керек. Бұл кезеңдер Алтын Орданың ең дамыған және қала мәдениетінің гүлденген кезі болып табылады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер