astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
наёмный
жалдамалы

Ақы алу үшін уақытша жұмыс істеу нысанына қатысты қолданылады.

жалдамалы еңбек — наёмный труд жалдамалы еңбектен алынатын табыстар — доходы от наёмного труда жалдамалы жұмыс — наёмная работа жалдамалы жұмысшы — наёмный рабочий жалданушы — наёмник жалданушы жұмыскер — наёмный работник

наличный
қолма-қол

Қаражатты айналдырудың, тауарды сату мен сатып алудың негізгі нысандарының бірі

қолма-қол ақша — наличные деньги қолма-қол ақша ағыны — поток денежной наличности қолма-қол ақша айналымы — оборот наличных денег қолма-қол ақшаға айналдыру — обналичивание қолма-қол ақшаға сатып алу — покупка за наличные қолма-қол ақшалай есеп айырысу — налично-денежный расчёт қолма-қол ақшалай орнын толтыру — наличное покрытие қолма-қол ақшаның артылуы — избыток наличных денег қолма-қол ақшаның босалқы қоры — запасы наличных денег қолма-қол ақшасыз есеп айырысу — безналичный расчёт қолма-қол ақы — наличная оплата қолма-қол ақы төлегені үшін шегерім — скидка за оплату наличными қолма-қол баға — наличная цена қолма-қол емес ақша — безналичные деньги қолма-қол емес есеп айырысу — безналичный расчёт қолма-қол емес шығыстар — безналичные расходы қолма-қол карточка — наличная карточка қолма-қол кредит — наличный кредит қолма-қол қаражат — наличные средства қолма-қол тауар — наличный товар

налог
салық

Мемлекеттің қызметін қаржылай қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының тарапынан ұйымдардан және жеке тұлғалардан міндетті түрде, қайтарымсыз алынатын төлем

азық-түлік салығы — налог продовольственный жеке табыс салығы — индивидуальный подоходный налог қолданыстағы салық мөлшерлемесі — действующая налоговая ставка салық агенті — налоговый агент салық айыппұлы — налоговый штраф салық берешегі — налоговая задолженность салық декларациясы — налоговая декларация салық есептілігі — налоговая отчётность салық жауапкершілігі — налоговая ответственность салық жеңілдіктері — налоговые льготы салық жүйесі — налоговая система салық заңнамасы — налоговое законодательсиво салық мөлшерлемесі — налоговая ставка салық мөлшері туралы хабарлама — извещение о размере налога салық төлей алмаушылық — взимание налогов салық төлемдері — налоговые платежи салық төлеуден жалтару — уклонение от уплаты налога салық төлеуші — налогоплательщик салық шегерімдері — налоговые скидки салыққа үстелім — надбавка к налогу салықтарды қайтарып алу — возврат налогов салықтарды өндіріп алу — налоговая делинквентность салықты төлеу мерзімін ұзарту — отсрочка уплаты налога салықтық айырма — налоговая разница салықтық тексеру — налоговая ревизия салықтық түсімдер — налоговые поступления салықтың жоғары деңгейі — налоговый потолок салықтың қолданыстағы мөлшерлемесі — действующая ставка налога

налогообложение
салық салу

Салық пен алымды орнықтырудың, төлеудің қазіргі өз күшін­ дегі заңнамалармен бекітілген нысаны. Жеке тұлғалар мен заң­ ды тұлғалардың салық төлемдерін төлеудің көлемі мен мөлшерін қамтиды.

салық салу активтері — налогооблагаемые активы салық салу бірлігі — единица налогообложения салық салу жөнінде шағымдану — обжалование по поводу налогообложения салық салу кезеңі — период налогообложения салық салу объектісі — объект налогообложения салық салу субъектілері — субъекты налогообложения салық салу ұстанымы — принцип налогообложения салық салуға дейінгі пайда — прибыль до налогообложения салық салудың бөлектемелі жүйесі — шедулярная система налогообложения салық салудың төменгі шегі — нижняя граница налогообложения салық салынатын активтер — налогооблагаемые активы салық салынатын құн — стоимость, облагаемая налогом салық салынбайтын ең төменгі табыс — не облагаемый налогом минимум дохода салық салынбайтын табыс — доход, не подлежащий налогообложению сатылымға салынатын салық — налог на продажу сатылымнан алынатын салық — налог с продаж

национальный
ұлттық

Белгілі бір ұлтқа тиесілі

ұлттық ақша жүйесі — национальная денежная система ұлттық бағдарламалар — национальные программы ұлттық байлық — национальное богатство ұлттық валюта — национальная валюта ұлттық қор — национальный фонд ұлттық меншік — национальная собственность ұлттық өнім — национальный продукт ұлттық табыс — национальный доход ұлттық тауар — национальный товар ұлттық шоттар — национальные счета

недвижимое имущество; недвижимость
жылжымайтын мүлік

Жерге тікелей қатысты, қозғау мүмкін болмайтын жер телім­ дері, жер қойнауының телімдері, ғимараттар, құрылыстар, объек­ тілер, аяқталмаған құрылыстар

жылжымайтын мүлік иесі — владелец недвижимости жылжымайтын мүлік тіркелімі — регистр недвижимости жылжымайтын мүлік бойынша қосымша шығыстар — дополнительные расходы по недвижимому имуществу жылжымайтын мүлік салығы — налог на недвижимость жылжымайтын мүлікке меншіктің сөзсіз құқығы — безусловное право собственности на недвижимость жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар — инвестиции в недвижимость жылжымайтын мүліктің құнын бағалау — оценка стоимости недвижимого имущества

недостаток
кемшілік

Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жұмысында байқалған ақаулық, зиян келтіретіндей жетіспеушілік

анықталған кемшiлiк — выявленный недостаток байқалған кемшiлiк — обнаруженный недостаток басты кемшiлiк — главный недостаток елеулi кемшiлiк — существенный недостаток жұмыстағы кемшiлiк — недостаток в работе жұмыстың кемшiлiгi — недостаток работы кадрлар даярлаудағы кемшiлiк — недостаток в подготовке кадров кейбiр кемшiлiктер — некоторые недостатки кемшiлiктi жою — искоренять недостаток кемшiлiктерге жол беру — допустить недостатки кемшiлiктерге назар аудару — обратить внимание на недостатки кемшiлiктердi анықтау — выявлять недостатки кемшiлiктердi байқау — обнаруживать недостатки кемшiлiктердi жөндеу — исправлять недостатки өз кемшiлiгi — свой недостаток қаржыландырудағы кемшілік — недостаток в финансировании үлкен кемшiлiк — большой недостаток

нетто
нетто

(итал. netto — таза) Тауардың, өнімнің таза салмағы, сыртындығы орамасының, контейнердің, жәшіктердің салмағы есептелмейді. Бұлаталғандар қоса есептелген жағдайдағы салмақ брутто деп аталады.

нетто активтер — активы нетто нетто бағасы — цена нетто нетто баланс / теңгерім — нетто-баланс нетто салмақ — вес нетто нетто-жал — нетто-аренда нетто-мөлшерлеме — нетто-ставка нетто-сатулар — нетто-продажи нетто-табыс — нетто-прибыль нетто-түсім — выручка нетто

неустойка
айыпақы / тұрақсыздық айыбы

Міндеттемелерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда қарызгердің несиегерге (кредиторға) қайтаратын со­ масы. Тұрақсыздық айыбын төлеудің міндеттілігі заңда және келісімшартта белгіленеді; бұл — міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған амалдардың бірі

айыпақы белгілеу — установить / назначить неустойку айыпақы сомасы — сумма неустойки айыпақы төлеу — платить неустойку айыпақыны өндіру — взимать неустойку заңды айыпақы — законная неустойка тұрақсыздық айыбын белгілеу — установить / назначить неустойку шартты айыпақы — условная неустойка

номинал
номинал

Акцияда, облигацияда, құнды қағаздарда, вексельдерде, банк­ нотта, мәнетте көрсетілген — (нарықтық құннан айырмашылы­ ғы бар) негізгі баға

номинал бойынша облигация — облигация по номиналу номинал жалақы — номинальная заработная плата номинал капитал — номинальный капитал номинал құн бойынша өтеу — погашение по номинальной стоимости номиналдан жоғары — выше номинала номиналдан төмен — ниже номинала номиналсыз акциялар — безноминальные акции

Еншілес ұйымдар

Серіктестер