Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитеті 2023 жылғы 21 тамызда құрылды. Комитеттің мақсаты – Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеу, сараптамалық бағалау және ілгерілету, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру болып табылады.
Комитеттің алғашқы құрамы 2025 жылғы 30 сәуірде ҚР ҰКП Төралқасының №4 шешімімен бекітілді.
2025 жылғы 9 маусымда Комитеттің алғашқы отырысында Комитет төрайымы болып Қалалық қоғамдық бірлестіктер мен заңды тұлғалар бірлестігі – «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының» өкілі Күленова Лейла Искандерқызы сайланды.
Комитет құрамына ҰКП аккредиттелген қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Дауыс беру не кеңес беру құқығымен бір қауымдастықтан тек бір өкіл ғана ұсыныла алады. Бұл ретте, өкілдер қауымдастықтың немесе оның мүшелерінің (ЖШС, ЖК) құрылтайшылары немесе басшылық құрамындағы әйелдер болуы тиіс. Дауыс беру құқығымен қатысу үшін келесі шарттар сақталуы қажет:
- салалық кәсіпорындарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- қауымдастық мүшелерінің (ЖШС, ЖК) кем дегенде жартысы әйелдер басқаратын ұйымдар болу керек.
Комитеттің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында саясаткерлер, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, білім және медицина қызметкерлері, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері арасындағы табысты әйелдердің әлеуетін шоғырландыру;
- Әйелдер кәсіпкерлігінің бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қаржыландыру, инвестиция тарту және басқа да тетіктерді әзірлеу;
- Әйелдер кәсіпкерлігі жобаларын іске асыру;
- Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудың тиімді заманауи тетіктерін әзірлеу;
- Әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы жағдайды жалпылау, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау;
- Әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны, әйелдер ортасының ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін талдау, әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- Нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілетін, елдегі кәсіпкерлік белсенділік жағдайы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауға және жариялауға қатысу;
- Әйелдер кәсіпкерлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
- Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке қатысуын, олардың экономикалық бастамаларын және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.
Анықтама телефоны: +7 701 989 1510