«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрылуы

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы  Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтініш  қабылдау ағымдағы жылдың 1 қарашасынан басталады онлайн/офлайн 

Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі және/немесе Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың/ӨРҰ-ның басшысы болу
  2. Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу
  3. Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу
  4. Аймақта көпке танымал болу
  5. Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы
  6. Бизнесінің тарихы жақсы болу
  7. Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу
  8. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы

 

Өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:

  1. Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткердің өтініші;
  2. Тіркелген заңды тұлға туралы анықтамасы (қауымдастықтар мен ӨРҰ үшін ӨКП-да аккредиттелгендігі туралы), қауымдастық/ӨРҰ қызметі мәніне кіретін салалардағы қызметті кемінде үш жыл жүзеге асырған, кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастық (одақ) мүшелерінің құрамында болуы);
  3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама
  4. Электронды форматтағы фотосуреті бар түйіндеме
  5. Соттылығының болмауы (заңнамалық негізде өтелгені немесе алынып тасталғаны) туралы анықтама;
  6. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне мүшелікке үміткердің бағдарламасы (ұсынылған құрылым: кандидат туралы ақпарат, бизнес тарихы, жетістіктері, саладағы мәселелер, оларды шешу жолдары және саланы дамыту бойынша Өңірлік кеңес мүшесі ретіндегі ұсыныстары);
  7. Деректерді тексеруге келісім беру (құжаттарды тапсырған кезде еркін нысанда толтырылады).

 

Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің құрамы

Өңірлік кеңес құрамы 30 мүшеден тұратын болады және кеңес құрамы салалық принцип бойынша жіктеледі:

  1. Ассоциациялар – 8
  2. Өнеркәсіп (өндіруші және өңдеуші) – 6
  3. Сауда – 4
  4. Көлік және и логистика – 2
  5. Әлеуметтік сала (білім беру, медицина және кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет түрлері) – 1
  6. Қызмет көрсету саласы (HoReCa, ойын-сауық және демалыс, жылжымайтын мүлікпен жұмыс) – 5
  7. Ақпарат және байланыс (ІТ технология) – 2
  8. Құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі – 2

 

Өңірлік кеңес дегеніміз не?

Өңірлік кеңес Өңірлік палатаның бақылау органы болып табылады және Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ Съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар, қауымдастықтар (одақтар) өкілдерінен құрылады.

Өңірлік кеңес мүшелері өз қызметін ақысыз негізде жүзеге асырады.

 

Өңірлік кеңестің құзыреті:

1) Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетеді;

2) басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;

3) Өңірлік палата және өңірлік палаталар филиалдарының қызметі шеңберінде Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;

4) Өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етеді;

5) Съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

6) Өңірлік палаталар мен өңірлік палаталар филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;

7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;

8) Өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.

 

Өңірлік кеңес мүшелерінің құқықтары:

1) Өңірлік кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатысу;

2) Өңірлік кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу;

3) Өңірлік кеңестің жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізу;

4) осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік кеңестің отырысын шақыруды талап ету;

5) Өңірлік палатаның басқару органдарынан және оның филиалдарынан, Ұлттық палатаның және (немесе) өңірлік палатаның құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұрату және алу;

6) Өңірлік кеңес отырысының хаттамасына Өңірлік кеңес отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданатын шешімдер туралы өзінің ерекше пікірін енгізуді талап ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

Өңірлік кеңес мүшелерінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) Өңірлік палатаның мүддесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған Өңірлік палата қызметінің мақсатын, міндеттері мен қағидаттарын сақтай отырып адал, орынды әрі әділ әрекет ету;

3) Өңірлік палата Жарғысы мен ішкі құжаттарының ережелерін, соның ішінде іскерлік әдеп және мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша ережелерді сақтау;

4) Өңірлік кеңестің отырыстарына қатысу;

5) Өңірлік кеңес хатшысын отырысқа өзінің қатысуының мүмкін еместігі туралы себептерін көрсете отырып, алдын ала хабардар ету;

6) Өзінің лауазымдық жағдайын (Өңірлік кеңестің мүшесі ретінде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдаланудан бас тарту.

 

Құжаттар 1.11.19–20.11.2019 жж. Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135 (Амангелді көшесінің бұрышы), «Жібек жолы» көпфункционалды кешені, 8-қабатында қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 331 01 33 (іш.бай 7505),

ұялы тел.: +7 701 888 29 86.

 

 

Серіктестер