«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Райымбек Баталов туризм саласының мамандарын марапаттады

2022 жылғы 27 Қыркүйек
8805 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдерін Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтап, ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

 «Тұтастай алғанда бәріміз туристпіз. Мемлекет пен жеке сектордың ынтымағынсыз туризмді дамыта алмаймыз. Өз кезегінде ҰКП бизнес-қоғамдастықты біріктіреді. Мемлекетпен серіктес болмай туримзді толыққанды дамыту мүмкін емес екенін атап өткім келеді. Мысалы, ҰҚК-ның шекара қызметі, барлық мемлекеттік органдардың атсалысуымен 13 жылдық үзілістен кейін Алматы облысы Көлсай көлінен бастап Қырғыстанның Ыстықкөліне дейін тау арқылы пилоттық өткел ашылды. Алда құқықтық мәселелер, көлік инфрақұрылымын жақсарту сынды атқарар жұмыс көп. Осы күні бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, Туримз күнімен құтытқтауға рұқсат етіңіз», – деді Райымбек Баталов.

 Райымбек Баталов бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін Атамекен ҰКП қызметінің маңызын да атап өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы туризм комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева Ұлттық палатаның бірнеше жыл бойғы жоспарлы жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

«Мәдениет және спорт министрлігі, Экология министрлігімен бірлесіп,  біз Жол картасын дайындап қана қоймай, жоспарланған іс-шараларды да орындаймыз. Бұдан басқа, «Атамекен» «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҰҚК Шекара қызметімен және басқа да көптеген орталық мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізеді. Барлық жүйелі мәселені өңірлер, ұлттық парктер өкілдерінің қатысуымен талқылауға тырысамыз. Биыл ұлттық парктерде туризмді дамыту, туристер ағынын реттеу және оларды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресеймен шекара қызметінде туристерді өткізу мәселесі шешілді. Осыған байланысты біз шамамен 1,5 млрд теңге мөлшеріндегі экономикалық тиімділікті есептедік. Осы мәселелердің барлығы өзара іс-қимыл арқылы алға ілгерілеуде және мемлекеттік органдардың бақылауында», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов туризмді дамытуда бизнес-қоғамдастықты қолдаудың маңызын атап өтті:

«Бүгінде туризм қарқынды дамып келеді. Бұған өңірлердегі туристік ағынның өсуі дәлел. Әрине, біз бұл бағытта әрі қарай да жұмыс істеуіміз керек».

 

 «Елдің туристік әлеуеті көрікті жерлер ғана емес, адами капиталдың жұмсалуымен құралады. Бұл дегеніміз туристік салада  14 түрлі экономикалық қызметпен айналысатын 480 мың қызметкер. Бұл жерде мемлекет пен бизнестің ғана емес, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан бастап шекара қызметіне дейінгі өкілдердің өзара іс-қимылы да маңызды.  Олардың жұмысынан Қазақстан мен елдегі туризм туралы пікір қалыптасады», – деді ҚР МСМ Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Райымбек Баталов туризм күніне орай ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевқа және  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовке ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» ҰКП медальдарын табыстады.

Құрмет грамоталары ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мирас Төлебаевқа, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Бауыржан Әбсаматовқа, ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Мундаш Муллашевке, «KazakhTourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаевқа, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры Асхат Ақынбековке табыс етілді.

Алғыс хаттарды ҚР ІІМ сыртқы көші-қон басқармасының бастығы Асқар Алдоңғаров, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров, «KazakhTourism» ҰК» АҚ жүйелік шараларды іске асыру департаментінің директоры Тимур Қожабеков алды.

  Салтанатты іс-шараның соңында туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова барлық қатысушыға алғысын білдіріп, туризмді дамыту жолында алдағы бірлескен жұмыста табыс тіледі.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер